Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2018 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – Intel корпорациясының АҚШтағы және басқа елдердегі сауда белгілері. Microsoft – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Microsoft корпорациясының тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде). МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel ® Pentium ® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron ® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде).
Maзмұны 1 Қош келдіңіз ................................................................................................................................................ 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ...................................................................................................................................... 24 MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу ........................................................................ 24 4 Экранда шарлау ....................................................................................................................................
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................................................................................................................................ 37 Батарея қуатын үнемдеу ................................................................................................................ 37 Төмен батарея деңгейлерін анықтау ............................................................................................
8 Күтім .......................................................................................................................................................... 52 Компьютер жұмысын жақсарту ....................................................................................................................... 52 Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану ....................................................................... 52 Дискіні тазалау құралын пайдалану ...........................................
BIOS нұсқасын жаңарту .................................................................................................................. 64 BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................ 64 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........................................................................................ 64 Жүктеу ретін f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту ..............................................................
xii
1 Қош келдіңіз Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынамыз: ● КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (18-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдау қызметін пайдалану үшін http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз.
Ресурстар ▲ Мазмұны Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын таңдаңыз. – немесе – ▲ http://www.hp.com/go/orderdocuments вебторабына өтіңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. *НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады.
2 Бөліктер Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад карталарын оқиды. Картаны салу үшін: 1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз. 2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз.
Бөлік Сипаттама (4) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы жоғары HDMI құрылғысын қосады. (5) USB Type-C қуат қосқышы және HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар Thunderbolt™ порттары (2) Компьютерге қуат беретін және, қажет болса, компьютер батареясын зарядтайтын USB Type-C қосқышы бар айнымалы ток адаптерін қосады.
Бөлік Сипаттама (1) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды. (2) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
Дисплей ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз. Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) WLAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (3) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады. (4) Камера шамы (тек таңдаулы өнімдерде) Қосулы: камера пайдаланылуда.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Меңзерді жылжыту немесе экрандағы элементтерді ашу үшін саусақпен орындалатын қимылдарды оқиды. (2) Сол жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. (3) Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ.
Шамдар Бөлік (1) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын «Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу күйі. (2) Caps lock шамы Қосулы: Пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (3) Fn құлпы шамы Қосулы: Fn пернесі құлыпталды.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. (8) Бөлісу немесе көрсету шамы Қосулы: Бөлісу мүмкіндігі қосулы. (9) Қоңырауға жауап беру шамы Қосулы: Қоңырауға жауап беру қосулы. (10) Қоңырауды аяқтау шамы Қосулы: Қоңыраудың аяқталуы қосулы. Түймешік, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз.
Бөлік Сипаттама ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған ақпараттар жойылады. Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз. Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан қараңыз. ▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Бөлік (5) Сипаттама Енгізілген сандық пернетақта Пернетақтаның әріптік пернелерінің үстіне басылған сандық пернетақта. num lk пернесі басылған кезде, пернетақтаны сыртқы сандар пернетақтасы ретінде қолдануға болады. Пернетақтадағы әр перне жоғары оң жағындағы белгішемен көрсетілген функцияны орындайды. ЕСКЕРТПЕ: Өшірілген компьютерде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді. (6) Windows қолданба пернесі Таңдалған нысан үшін опциялар тізімін көрсетеді.
Белгіше Сипаттама Микрофонды үнсіздендіреді. Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. ЕСКЕРТПЕ: Бұл мүмкіндікті батарея зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз. Орнатылған сандар пернетақтасын қосады және өшіреді. Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. Бизнеске арналған Skype бағдарламасының күнтізбесін жылдам ашуға мүмкіндік береді.
Астыңғы жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Компонент (1) HP өнім атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Модель нөмірі (3) Өнім коды (4) Сериялық нөмір (5) Кепілдік күшінің мерзімі Компонент 16 (1) HP өнім атауы (тек таңдаулы өнімдерде) (2) Өнім коды (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырма (жапсырмалар): Компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТУ: Өлшемі дұрыс емес SIM картасын енгізу SIM картасын зақымдауы немесе SIM картасының ұядан тұрып қалуына әкелуі мүмкін. SIM картасының адаптерлерін пайдаланбаған жөн. SIM картасының немесе қосқыштарының зақымын болдырмау үшін SIM картасын енгізу немесе алып тастау кезінде қатты күш салмаңыз. ЕСКЕРТПЕ: SIM картасын сатып алмас бұрын, компьютерге жарамды SIM картасының өлшемін анықтау үшін осы нұсқауларды орындаңыз: 1. http://www.hp.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-тораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
Қосылыс орнатылып болған соң, қосылыстың аты мен күйін тексеру үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. GPS мүмкіндігін қосу үшін, орналасқан орнының Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан қосылғанына көз жеткізіңіз. 1.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі түрту аймағын табу үшін Бөліктер (4-бет) бөлмесін қараңыз. Ортақ пайдалану 1. 2. NFC функциясының іске қосылғанына көз жеткізіңіз. а. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында беспроводное (сымсыз) деп теріп, Включение и отключение беспроводных устройств (Сымсыз құрылғыларды қосу немесе өшіру) опциясын таңдаңыз. ә. NFC мүмкіндігінің Вкл (Қосулы) параметрінің таңдалғанына көз жеткізіңіз. NFC түрту аймағын NFC функциясы қосылған құрылғымен түртіңіз.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігінің параметрлерін орнатуға болады.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP MAC Address Pass Through жүйесі компьютерді және оның желідегі коммуникациясын анықтаудың реттелетін жолын қамтамасыз етеді. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен Ethernet адаптері арқылы желіге қосылған компьютерді анықтауға болады. Бұл мекенжай әдепкі параметрлер бойынша қосылған. MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу 1.
4 Экранда шарлау Компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістермен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз ● Сенсорлық қимылдарды сенсорлы тақтада пайдалану ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдалану ● Экрандағы пернетақтаны пайдалану ● Меңзеу таяқшасын пайдалану Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында шарлауға және меңзерді басқаруға мүмкіндік
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз. Екі саусақпен сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Екі саусақты сырғыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа жылжыту үшін пайдаланыңыз.
● Әрекет орталығын ашу және ағымдағы параметрлер мен хабарландыруларды көру үшін сенсорлы тақтаны төрт саусақпен түртіңіз. Үш саусақты сырғыту (тек сенсорлы тақтада) Ашық терезелерді көру үшін және ашық тұрған терезелер мен жұмыс үстелі арасында ауысу үшін үш саусақты сырғыту қимылын пайдаланыңыз. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 3 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 3 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз.
Қосымша пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану Қосымша пернетақта немесе тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға және сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен әрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері НР компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық, қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3.
Бейне құрылғыларын HDMI кабелі арқылы қосу (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сәйкес жалғаңыз. 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқы немесе күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады. Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз. 1. Қуат белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Қуат параметрлері түймесін басыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Питание (Қуат) белгішесін, содан кейін Завершение работы (Жұмысты аяқтау) белгішесін таңдаңыз.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады. Зарядтау уақыты +/- 10% дейін өзгеруі мүмкін.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды. ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Мой ПК (Менің ДК), Диагностика и инструменты (Диагностика және құралдар) қойыншасын таңдаңыз, одан кейін HP Battery Check бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі НР Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, НР қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Құпия сөз Қызмет Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды. DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді қорғайды және бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін іске қосу кезінде орнатылады. Сонымен қатар, бұл құпия сөз DriveLock қорғанысын алуға қолданылады.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2. Ағымдағы BIOS әкімші құпия сөзін енгізіңіз. 3.
BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін DriveLock опцияларын қолдану DriveLock – қатты дискі мазмұндарына рұқсатсыз енуден қорғауға арналған.
4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. – немесе – Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
DriveLock қолмен таңдау ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлдем жабылып қалады және оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату үшін, мына қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1.
5. DriveLock бағдарламалық құралын өшіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 6. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз. DriveLock құпия сөзін енгізу Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы MultiBay құралына емес).
Windows Hello мүмкіндігінің параметрлерін орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи (Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері) пәрменін таңдаңыз. 2. Құпия сөзді және сандық PIN кодын қосу үшін Windows Hello ішінде экрандағы нұсқауларды орындаңыз, одан кейін саусағыңыздың ізін немесе бетіңіздің сәйкестендіру нөмірін қосыңыз.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Microsoft корпорациясы қауіпсіздік жаңартулары қамтуы мүмкін болатын Windows жаңартулары бар екені туралы ескертеді.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential Manager құралы тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне жүгініңіз.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Дискіні дефрагментациялау және Дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар, бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Су және жұмсақ сабын қосылған ерітінді ● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид және көмірсутектер сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: – Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. – Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. – Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. – Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдары арқылы жасау (56-бет) бөлімін қараңыз).
НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютер сәтті орнатылған соң, HP Recovery Manager көмегімен компьютерде НР қалпына келтіру бөлімінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Бұл сақтық көшірме HP қалпына келтіру медиасы деп аталады. Қатты диск бүлінген немесе ауыстырылған жағдайларда, HP Қалпына келтіру медиасын бастапқы операциялық жүйені қайта орнату үшін қолдануға болады.
● Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын тексеріңіз. ● Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін тоқтатпаңыз. ● Қажет болса, барлық қалпына келтіру медиа құралының жасалуы аяқталғанға дейін бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD немесе флэш-жад дискісін жасауды аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру сұралады.
HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін пайдалану арқылы алдыңғы күйге қайтару HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіру үшін пайдалануға болады: ● Алдын ала орнатылған қолданбалардың немесе драйверлердің ақаулықтарын шешу: алдын ала орнатылған қолданбаның немесе драйвердің мәселесін шешу үшін: 1.
Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз: ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан қайта орнату керек. ● Компьютердің қатты дискісі істен шықса, HP Recovery медиа құралы пайдаланылуы тиіс. Бұл медиа HP Recovery Manager арқылы жасалады.
▲ НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту (61-бет) бөлімін қараңыз. Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау ● Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз. ● Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз. Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік және тіл параметрлері зауыттың әдепкі параметрлерін сақтағанда өзгертілмейді. BIOS нұсқасын жаңарту BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін. BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған файлдарына салынған.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Обновления (Жаңартулар) пәрменін басып, Проверить наличие обновлений и сообщений (Жаңартуларды және хабарларды тексеру) пәрменін басыңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз: а. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын жазып алыңыз.
TPM BIOS параметрлері (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сенімді платформа модулін (TPM) осы жүйеде іске қоспастан бұрын модульді пайдалану мақсатына сәйкес жергілікті заңдармен, ережелермен және саясаттармен сай келетінін тексеріңіз және қолданылатын барлық рұқсаттар мен лицензияларды алыңыз. Жоғарыда аталған талаптарды бұзатын сенімді платформа модулін (TPM) пайдалану нәтижесінде кез келген сәйкестік мәселелер орын алса, сіз барлық міндеттемелер үшін толығымен жауапты болуы тиіс.
11 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады. Құралды HP PC Hardware Diagnostics Windows орнатылмаған компьютерге жүктеп алып орнатыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану HP PC Hardware Diagnostics UEFI (Бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі) құралы компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын USB флэш-жады дискісіне жүктеу үшін: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. HP PC Hardware Diagnostics UEFI бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеу қажет. Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Қолжетімділік HP мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қоса барлығы пайдалана алатын өнімдер мен қызметтерді оқшаулы түрде немесе тиісті көмекші құрылғылармен жасақтайды, өндіреді және нарыққа шығарады. НР өнімдерінде бар арнайы мүмкіндіктер туралы ақпаратты ашу үшін http://www.hp.com/ accessibility сілтемесін басыңыз.
Индекс А Автоматты DriveLock 44 ажырату 45 қосу 44 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 45 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 32, 33 алдыңғы күйге қайтару 56 арнайы пернелер, пайдалану 12 астыңғы жағы 16 аудио 29 HDMI 32 гарнитуралар 30 дыбыс параметрлері 30 дыбысты реттеу 13 құлақаспаптар 29 үндеткіштер 29 аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс (микрофон) біріккен ұясы, анықтау 5 Ә әкімші құпия сөзі 41 әрекет пернелері 13 анықтау 13 дыбысты өшіру 13 құпиялылық экраны 13 пайдалану 13 пернетақтаның артқ
жүктеу реті f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту 65 жүктеу реті, өзгерту 61 З зауытта пломбаланған батарея 38 К камера 8 анықтау 8 пайдалану 29 камера шамы, анықтау 8 компьютерді қорғау 53 компьютерді өшіру 35 компьютерді сапарға алып шығу 16, 55 компьютерді тазалау 53 компьютерді тасымалдау 55 корпоративтік WLAN қосылымы 19 Күту қосу 35 өте төмен батарея деңгейі кезінде қосылады 38 шығу 35 Күту режимі қосу 34 шығу 34 күтім бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 53 Дискіні дефрагментациялау құралы 52 Диск
USB SuperSpeed 7 USB Type-C Thunderbolt 31 С сақтық көшірме, жасау 56 сақтық көшірмелер 56 саусақ іздері, тіркеу 48 саусақ ізін оқу құрылғысы 51 саусақ ізін оқу құрылғысы, анықтау 12 Сенсорлы тақта пайдалану 25 Сенсорлы тақта аймағы анықтау 9 Сенсорлы тақтадағы/сенсорлы экрандағы түрту қимылы 25 Сенсорлы тақтадан екі саусақты сырғыту қимылы 26 Сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылдары екі саусақ көмегімен қысып масштабтау 25 түрту 25 Сенсорлы тақта қимылдары екі саусақпен түрту 26 екі саусақты сырғыту
E esc пернесі, анықтау 12 M Miracast F fn құлпы шамы, анықтау 10 fn пернесі, анықтау 12 N NFC 21 NFC түрту аймағы, анықтау 9 num lock пернесінің шамы 10 G GPS 21 H HDMI аудио, реттеу 32 HDMI порты қосылу 32 HDMI порты, анықтау 6 HP 3D DriveGuard 53 HP Client Security 50 HP LAN-Wireless Protection 23 HP MAC Address Pass Through 24 HP Mobile Connect қызметі 20 HP PC Hardware Diagnostics UEFI бастау 69 жүктеу 69 пайдалану 69 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеу 68 орнату 68 пайдалану 67 HP Recovery Ma