User's Guide

Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал
қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Картаны алып тастау үшін:
Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
(2) Аудио шығыс (гарнитура) ұясы/Аудио кіріс
(микрофон) тізбекті ұяшығы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін, Заңды, қауіпсіздік
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка
НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін басып, НР, одан кейін
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің қосылып-өшірілуі қалыпты жағдай болып
табылады.
Оң жағы 5