User's Guide
Бөлік Сипаттама
(1) HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау)
мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты
USB құрылғысын жалғайды, жоғары жылдамдықпен
деректер беруді қамтамасыз етеді және компьютер өшірулі
болса да, ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе
смарт сағат сияқты өнімдерді зарядтайды.
(2) USB SuperSpeed порты Ұялы телефон, камера, әрекет бақылағышы немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(3) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(4) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(5) SIM картасының ұясы (тек таңдаулы
өнімдерде)
Сымсыз абонентті анықтау модулі (SIM) картасын қолдайды.
(6) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін
түймешікті басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін
түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу
үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан
қараңыз.
▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
(7) Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
● Жыпылықтау: қуатты үнемдеу күйі болып табылатын
«Ұйқы күйі» компьютерде қосылған. Компьютер
дисплейдің және басқа да қажет емес құрамдас
бөліктердің қуатын өшіреді.
● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту
күйі – ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу
күйі.
Сол жақ 7










