User's Guide

SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТУ: Өлшемі дұрыс емес SIM картасын енгізу SIM картасын зақымдауы немесе SIM картасының
ұядан тұрып қалуына әкелуі мүмкін. SIM картасының адаптерлерін пайдаланбаған жөн. SIM
картасының немесе қосқыштарының зақымын болдырмау үшін SIM картасын енгізу немесе алып
тастау кезінде қатты күш салмаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: SIM картасын сатып алмас бұрын, компьютерге жарамды SIM картасының өлшемін
анықтау үшін осы нұсқауларды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support ішіне өтіп, компьютерді өнім атауы немесе нөмірі бойынша іздеңіз.
2. Өнім туралы ақпарат опциясын таңдаңыз.
3. Сатып алу қажет картаны анықтау үшін көрсетілген таңдауларды қараңыз.
SIM картасын салу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді Завершение работы (Жұмысты аяқтау) пәрмені арқылы өшіріңіз.
2. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша оны ішіне итеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
SIM картасын енгізу (тек таңдаулы өнімдерде) 17