User's Guide
Қосылыс орнатылып болған соң, қосылыстың аты мен күйін тексеру үшін тапсырмалар тақтасының оң
жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге және басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге немесе
қабырғалар және едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
НР Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген.
Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық
пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу
Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP мобильді байланысты қамтитын болса, бұл бөлімдегі нұсқаулар
қолданылмайды. HP Mobile Connect Pro қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (20-бет)
бөлімін қараңыз.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір компьютердің түбіндегі
батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында
компьютердің төменгі жағында орналасқан жапсырмаға басылған.
– немесе –
Нөмірді табу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйі белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
2. Показать параметры подключения (Қосылыс параметрлерін көрсету) таңдаңыз.
3. Мобильное широкополосное подключение (Мобильді кең жолақты қосылыс) бөліміндегі желі
күйінің белгішесін басыңыз.
– немесе –
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйі белгішесін оң жақ түймешікпен басыңыз.
2. Параметры сети и Интернет (Желі және интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз.
3. Параметры сети и Интернет (Желі және интернет параметрлері) бөлімінің астындағы Мобильный
(Ұялы) параметрін, кейін Дополнительные опции (Қосымша опциялар) параметрін таңдаңыз.
Кейбір мобильді желі операторлары SIM картасын пайдалануды талап етеді. SIM картасында жеке
идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты жалпы ақпарат қамтылады.
Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM картасы алдын ала
орнатылмаған болса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты байланыс
ақпаратының ішінде берілуі мүмкін немесе мобильді желі операторы оны компьютерден бөлек беруі
мүмкін.
НР мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген НР мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
HP Mobile Connect Pro қызметін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Mobile Connect қызметі Pro – компьютерге арзан, қауіпсіз, қарапайым және оңтайлы кең жолақты
байланыс ұсынатын қызмет. HP Mobile Connect Pro қызметін пайдалану үшін компьютеріңізде SIM
картасы және HP Mobile Connect бағдарламасы болуы тиіс. HP Mobile Connect Pro туралы толығырақ
ақпаратты және сатып алу мүмкіндіктерін көру үшін http://www.hp.com/go/mobileconnect веб-
торабына өтіңіз.
20 3-тарау Желі қосылымдары










