User's Guide
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Задать по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және
оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) түймесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Деректерді беру мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып,
компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
Көру сапасын жақсарту мақсатына USB Type-C порттарының біреуін компьютердегі ұялы телефон,
камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын қосу және файлдарды
компьютерге беру үшін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
USB Type-C мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant
қолданбасын қараңыз.
Деректерді беру мүмкіндігін пайдалану 33










