User's Guide
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Қуат белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Қуат параметрлері түймесін басыңыз.
2. Сол жақ аумақта Қуат түймелерінің әрекетін таңдау (сөзі өнімге қарай әр түрлі болуы мүмкін)
пәрменін таңдаңыз.
3. Өнімге қарай батарея қуаты немесе сыртқы қуат үшін Күту режимін мына жолдардың біреуімен
қосуға болады:
● Қуат түймесі: Параметры кнопки питания, кнопки спящего режима и крышки (Қорек және
ұйқы батырмалары және қақпақ параметрлері) (нұсқау өнімге байланысты әртүрлі болуы
мүмкін) астында Действие при нажатии кнопки питания (Қорек батырмасын басқан кезде),
одан кейін Гибернация (Күту) опцияларын таңдаңыз.
● Ұйқы түймесі (тек таңдаулы өнімдерде): Параметры кнопки питания, кнопки спящего
режима и крышки (Қорек және ұйқы батырмалары және қақпақ параметрлері) (нұсқау
өнімге байланысты әртүрлі болуы мүмкін) астында При нажатии кнопки сна (Ұйқы
батырмасын басқан кезде), одан кейін Гибернация (Күту) опцияларын таңдаңыз.
● Қақпақ (тек таңдаулы өнімдерде): Параметры кнопки питания, кнопки спящего режима и
крышки (Қорек және ұйқы батырмалары және қақпақ параметрлері) (нұсқау өнімге
байланысты әртүрлі болуы мүмкін) астында При закрытии крышки (Мен қақпақты жапқан
кезде), одан кейін Гибернация (Күту) опцияларын таңдаңыз.
● Қуат мәзірі: Изменение параметров, которые сейчас недоступны (Ағымдағы қол жеткізгісіз
параметрлерді өзгертіңіз) опциясын таңдаңыз, одан кейін Параметры завершения работы
(Жұмысты аяқтау параметрлері) қойыншасында Гибернация (Күту) құсбелгісін қойыңыз.
Қуат мәзіріне Бастау түймесін таңдау арқылы кіруге болады.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
▲ Күту күйін іске қосу үшін 3-қадамда қосылған әдісті пайдаланыңыз.
▲ Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер күту күйінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені
және дисплей мен компьютерді өшіреді.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның
жұмысын аяқтаңыз.
Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады.
Компьютерді өшіру (сөндіру) 35










