User's Guide

4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз.
5. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock құралын ажырату
Автоматты DriveLock мүмкіндігін ажырату үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз.
2. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралғанда, BIOS әкімші құпия сөзін енгізіп, enter пернесін басыңыз.
3. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
4. Ішкі қатты дискті таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
5. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін алыңыз.
6. Өзгертулерді сақтап Computer Setup утилитасынан шығу үшін, Save (Сақтау) белгішесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу
Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде
қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер
диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта
ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
Егер аталған жағдай орын алса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған
кезде, бастапқы компьютердің BIOS әкімші құпия сөзін (құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған
пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Құпия сөз енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
Құпия сөздерді пайдалану 45