User's Guide

DriveLock қолмен таңдау
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолдануға мүлдем жарамсыз болып қалуын
болдырмау үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен DriveLock негізгі құпия сөзін компьютерден
қашық сенімді бір жерге сақтап қойыңыз. Егер DriveLock құпия сөздерінің екеуін де ұмытып қалсаңыз,
қатты диск мүлдем жабылып қалады және оны қолдану мүмкін болмайды.
DriveLock құлпын ішкі қатты дискіге қолмен қолдану үшін негізгі құпия сөзді орнату және Computer
Setup құралында DriveLock мүмкіндігін қосу қажет. DriveLock құлпын қолдану үшін, келесі нәрселерді
ескеру қажет:
Қатты диск DriveLock құралы арқылы қорғалған соң, қатты дискіге тек қана DriveLock
пайдаланушы құпия сөзі немесе негізгі құпия сөз арқылы ғана кіру мүмкін болады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күнделікті пайдаланушысы
болуы тиіс. DriveLock негізгі құпия сөзінің иесі жүйе әкімшісі немесе күнделікті пайдаланушы
болуы мүмкін.
DriveLock пайланушы құпия сөзі және DriveLock негізгі құпия сөзі бірдей болуы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзін тағайындау
DriveLock құралының басты құпия сөзін орнату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға
шыққанда f10 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз.
2. Security (Қауіпсіздік) опциясын таңдаңыз, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) таңдауын
жасаңыз, DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдап, enter
пернесін басыңыз.
3. Қорғалатын қатты дискіні таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
4. Set DriveLock Master Password (DriveLock құралының басты құпия сөзін тағайындау) опциясын
таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз.
6. DriveLock басты құпия сөзін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасынан шықпас бұрын DriveLock мүмкіндігін қосуға және
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнатуға болады. Қосымша ақпаратты DriveLock мүмкіндігін
қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату (47-бет) бөлімінен қараңыз.
7. Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап
шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін басыңыз.
46 7-тарау Қауіпсіздік