User's Guide

Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Microsoft корпорациясы қауіпсіздік жаңартулары қамтуы мүмкін болатын
Windows жаңартулары бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан және компьютер
вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан
барлық жаңартуларды орнатыңыз.
Бұл жаңартуларды автоматты түрде орнатуға болады.
Параметрлерді көру немесе өзгерту үшін:
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлерді) пәрменін және Обновление и
безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз.
2. Windows Update белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жаңартулар орнатуды бір уақытта жоспарлау үшін Дополнительные опции (Қосымша опциялар)
параметрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security бағдарламасын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
HP Client Security бағдарламалық құралы компьютерде алдын ала орнатылып келеді. Осы
бағдарламалық құралға тапсырмалар тақтасының немесе Windows басқару тақтасының оң жақ
шетіндегі HP Client Security белгішесі арқылы қатынасуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері
компьютер, желілер мен өте маңызды деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты
HP Client Security бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP Managed Services бағдарламалық құралын (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP Managed Services құралы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік
беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP Managed Services
бағдарламалық құралы зиянды бағдарламалардан және басқа шабуылдардан қорғайды,
құрылғының жұмысқа қабілеттілігін бақылайды және сізге құрылғы мен қауіпсіздік мәселелерін
шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралды жылдам жүктеп
орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты шешімдермен салыстырғанда қаржы тарапынан тиімді екен.
Қосымша ақпарат алу үшін, https://www.hptouchpointmanager.com/ веб-сайтына өтіңіз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін
компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
50 7-тарау Қауіпсіздік