User's Guide

9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне
қайтару және қалпына келтіру
Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін
қолданылатын стандартты процедура:
Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін
Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдары арқылы жасау (56-бет) бөлімін
қараңыз).
Қалпына келтіру нүктесін жасау: қалпына келтіру нүктесін жасау үшін Windows құралдарын
пайдалануға болады (Windows құралдары арқылы жасау (56-бет) бөлімін қараңыз).
Қалпына келтіру медиасын жасау (тек таңдаулы үлгілерде): HP Recovery Manager немесе HP
Cloud Recovery Download Tool (тек таңдаулы үлгілерде) құралдарын қалпына келтіру медиасын
жасау үшін пайдалануға болады (НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдерде) (57-бет) бөлімін қараңыз).
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру: Windows жүйесі сақтық көшірмеден қалпына
келтіру, компьютерді қалпына келтіру және компьютерді оның бастапқы қалпына келтіру үшін
бірнеше опцияны ұсынады (Windows құралдары арқылы жасау (56-бет) бөлімін қараңыз).
Қалпына келтіру бөлімін жою: қалпына келтіру бөлімін (тек таңдаулы өнімдерде) қатты диск
орнын босату мақсатымен жою үшін, HP Recovery Manager бағдарламасының Remove Recovery
Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) опциясын таңдаңыз. Қосымша ақпаратты HP Recovery
бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде) (61-бет) бөлімінен қараңыз.
Windows құралдары арқылы жасау
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Windows жүйесі жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін
бір-ақ опция болып табылады. Мәліметтердің жоғалуын болдырмау үшін жүйелі түрде сақтық
көшірмелер жасауды жоспарлаңыз.
Windows құралдарын жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау, жүйені қалпына келтіру нүктелерін
жасау, сақтық көшірмеден қалпына келтіруге мүмкіндік беретін қалпына келтіру медиасын жасау,
компьютерді қалпына келтіру және компьютерді бастапқы күйіне қайтару үшін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің сақтау орны 32 ГБайт немесе одан төмен болса, Microsoft жүйесін қалпына
келтіру мүмкіндігі әдепкі бойынша ажыратылған болады.
Қосымша ақпаратты және нұсқауларды Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасында қараңыз.
Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз және Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Получить справку (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз
қажет.
56 9-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру