User's Guide

Қалпына келтіру құралдарын жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағаттай уақыт алуы мүмкін. Дискілерді жасау процесін
тоқтатпаңыз.
Қажет болса, барлық қалпына келтіру медиа құралының жасалуы аяқталғанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager ағымдағы DVD немесе флэш-жад дискісін
жасауды аяқтайды. HP Recovery Manager бағдарламасын келесіде іске қосқан кезде жалғастыру
сұралады.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР қалпына келтіру құралын HP Recovery Manager көмегімен жасау үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Создание носителей для восстановления (Қалпына келтіру тасығышын жасау) тармағын
таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жүйені қалпына келтіру қажет болса, HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (59-бет)
бөлімін қараңыз.
HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау
үшін пайдалану
НР қалпына келтіру құралын HP Бұлттық қалпына келтіру нұсқасын жүктеу құралы көмегімен жасау
үшін
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал және драйверлер) қойыншасын таңдаңыз, содан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру
Алдыңғы күйге қайтаруды және қалпына келтіруді келесі бір немесе бірнеше опция арқылы
орындауға болады: Windows құралдары, HP Recovery Manager бағдарламасы немесе HP Recovery
бөлімі.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Барлық әдістер өнім үлгілерінің барлығында жұмыс істемеуі мүмкін.
Windows құралдары көмегімен алдыңғы күйге қайтару, бастапқы қалпына
келтіру және қалпына келтіру
Windows жүйесі компьютерді алдыңғы күйіне қайтару, бастапқы қалпына келтіру және қалпына
келтіру үшін бірнеше опцияны ұсынады. Мәлімет алу үшін Windows құралдары арқылы жасау (56-бет)
қараңыз.
58 9-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру