User's Guide

HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін пайдалану
арқылы алдыңғы күйге қайтару
HP Recovery Manager бағдарламасын және HP Recovery бөлімін (тек таңдаулы үлгілерде) компьютерді
бастапқы зауыттық күйіне келтіру үшін пайдалануға болады:
Алдын ала орнатылған қолданбалардың немесе драйверлердің ақаулықтарын шешу: алдын
ала орнатылған қолданбаның немесе драйвердің мәселесін шешу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін
жазып
, одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Reinstall drivers and/or applicationsрайверлер мен/немесе бағдарламаларды қайта
орнату) опциясын таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану: Windows бөлімін бастапқы зауыттық күйіне
қайтару үшін, HP Recovery бөліміндегі (тек таңдаулы өнімдерде) жүйені қалпына келтіру
опциясын таңдауға немесе HP Recovery медиа құралын пайдалануға болады. Қосымша
ақпаратты HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру (59-бет) бөлімінен қараңыз. Қалпына
келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде) (57-бет) бөлімін қараңыз.
Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде):
қатты дискідегі барлық ақпаратты өшіріп, бөлімдерді қайта жасап, операциялық жүйе мен
зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қайта орнату (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы
компьютерді бастапқы зауыттық параметрлерге келтіреді). Зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру опциясын қолдану үшін HP Recovery медиа құралын пайдалану керек. Қалпына келтіру
медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы
өнімдерде) (57-бет) бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қатты дискісі ауыстырылған болса, операциялық жүйе мен зауытта
орнатылған бағдарламалық құралдарды орнату үшін зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
опциясын пайдалануға болады.
HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы көмегімен компьютердің бастапқы зауыттық
параметрлерін қалпына келтіріп, жасалған немесе HP компаниясынан алған HP қалпына келтіру
медиасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдаланыңыз.
НР Қалпына келтіру медиа құралы жасалмаған болса, НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау
(тек таңдаулы өнімдерде) (57-бет) бөлімін қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager жеке деректеріңіздің сақтық көшірмелерін автоматты
түрде қамтамасыз етпейді. Қалпына келтіруді бастау алдында сақтау керек бүкіл жеке деректердің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Windows құралдары арқылы жасау (56-бет) бөлімін қараңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager арқылы қалпына келтіруді компьютер мәселелерін
шешудің ең соңғы шарасы ретінде пайдаланған жөн.
ЕСКЕРТПЕ: Қалпына келтіру процесі басталғанда, компьютерге қолжетімді опциялар ғана
көрсетіледі.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 59