User's Guide

Бастамас бұрын, келесі ақпаратты ескеріңіз:
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен бірге берілмеген бағдарламалық
құралдарды не өндірушінің веб-торабынан жүктеп алу, не өндіруші берген тасығыштан қайта
орнату керек.
Компьютердің қатты дискісі істен шықса, HP Recovery медиа құралы пайдаланылуы тиіс. Бұл
медиа HP Recovery Manager арқылы жасалады. НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек
таңдаулы өнімдерде) (57-бет) бөлімін қараңыз.
Егер компьютерде НР қалпына келтіру медиасын жасау мүмкін болмаса немесе HP қалпына
келтіру медиа құралы жұмыс істемесе
, қалпына келтіру медиасын алу үшін қолдау қызметімен
хабарласыңыз. http://www.hp.com/support мекенжайын ашып, ел немесе аймақты таңдаңыз және
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімі көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery бөлімі қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-жадын
пайдаланбастан жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты
диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы өнімдерде) Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз (тек таңдаулы өнімдерде).
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын, одан кейін Windows Recovery Environment (Windows
қалпына келтіру ортасы) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Компьютер жүктелген кезде, F11 пернесін басыңыз немесе қуат түймешігін басқан кезде f11
пернесін басып ұстап тұрыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз, одан кейін f11 пернесін басыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту (61-бет) бөлімін қараңыз.
НР Қалпына келтіру медиа құралынан қалпына келтіру
Егер компьютерде HP Recovery бөлімі болмаса немесе қатты диск дұрыс жұмыс істемесе, бастапқы
операциялық жүйені және зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіру үшін HP
Recovery медиа құралын пайдалануға болады.
60 9-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру