User's Guide

НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіп, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту (61-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютердің жүктелу тәртібін өзгерту
Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын қайта қоспаса, компьютердің жүктелу
тәртібін өзгертіңіз. Бұл BIOS бағдарламасында көрсетілген құрылғылардың тізімі. Компьютер осы
тәртіпте басталу мәліметтерін іздейді. HP Recovery медиа құралының орналасқан орнына байланысты
оптикалық дискіні немесе
USB флэш-жадын таңдауға болады.
Жүктелу ретін өзгерту үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті
пернетақта қондырмасына жалғаңыз.
1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз.
2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз.
Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп
қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез басып
ұстап тұрыңыз, одан кейін f9 пернесін басыңыз.
3. Жүктегіңіз келетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-жады дискісін таңдаңыз, одан кейін
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery бөлімін жою (тек таңдаулы өнімдерде)
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискіден орын босату үшін HP Recovery бөлімін (тек
таңдаулы өнімдерде) жоюға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery бөлімі жойылғаннан кейін, жүйені қалпына келтіруге немесе НР
қалпына келтіру медиасын жасауға болмайды. Қалпына келтіру бөлімін жоймас бұрын, HP Recovery
медиа құралын жасаңыз. НР қалпына келтіру медиа құралдарын жасау (тек таңдаулы өнімдерде)
(57-бет) бөлімін қараңыз.
HP Recovery бөлімін жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында восстановление (қалпына келтіру) сөзін жазып,
одан кейін HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз.
2. Remove Recovery Partition (Қалпына келтіру бөлімін жою) параметрін таңдаңыз да, жалғастыру
үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару және қалпына келтіру 61