User's Guide
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу
● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана
беріледі.
● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін
пайдалану қажет.
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу
HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты
беті көрсетіледі.
2. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, орнату орнын
таңдаңыз.
Құралды компьютерде іске қосу үшін, оны компьютердің жұмыс үстеліне жүктеп алыңыз.
– немесе –
Құралды USB флэш-жадынан іске қосу үшін, оны USB флэш-жады дискісіне жүктеңіз.
3. Запустить (Орындау) опциясын таңдаңыз.
HP Hardware Diagnostics Windows құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек
таңдаулы өнімдерде) жүктеп алу
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды USB флэш-жадына өнімнің атауы немесе
нөмірі бойынша жүктеу қажет.
HP Hardware Diagnostics Windows құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша (тек таңдаулы
өнімдерде) жүктеп алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз.
2. Загрузка ПО и драйверов (Бағдарламалық құрал және драйверлерді жүктеп алу) қойыншасын
таңдаңыз, одан кейін өнімнің атауы немесе нөмірін енгізіңіз.
3. HP PC Hardware Diagnostics бөліміндегі Загрузка (Жүктеу) сілтемесін басып, орнату орнын
таңдаңыз.
Құралды компьютерде іске қосу үшін, оны компьютердің жұмыс үстеліне жүктеп алыңыз.
– немесе –
Құралды USB флэш-жадынан іске қосу үшін, оны USB флэш-жады дискісіне жүктеңіз.
4. Запустить (Орындау) опциясын таңдаңыз.
HP PC Hardware Diagnostics Windows орнату
HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын орнату үшін келесі қадамдарды орындаңыз:
▲ Компьютерге немесе флэш-жад дискісіне жүктелген .exe файлы бар қалтаны тауып, .exe
пішіміндегі файлды екі рет басыңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
68 11-тарау HP PC Hardware Diagnostics пайдалану










