User's Guide
1 Қош келдіңіз
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі 
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
●
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау 
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін   басыңыз. Windows 
пернесін қайта басу алдыңғы экранға қайтарады.
● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша 
ақпаратты Желі қосылымдары (17-бет) бөлімінен қараңыз.
● Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан 
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді. 
Қосымша ақпаратты Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (49-бет) бөлімінен 
қараңыз.
● Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мәлімет алыңыз. Қосымша 
ақпарат алу үшін, Бөліктер (4-бет) және Экранда шарлау (24-бет) бөлімдерін қараңыз.
● Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған 
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Пуск (Бастау) түймесін басыңыз.
– немесе –
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и 
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
● Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB флэш-дискісін жасау арқылы қатты 
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және 
қалпына келтіру (56-бет) бөлімін қараңыз.
1










