User's Guide
Оң жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (құлақаспап) ұясы/Аудио кіріс 
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, 
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура 
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар 
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық 
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін 
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе 
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. 
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын алу үшін Заңды, қауіпсіздік 
және қоршаған орта ескертпелерін қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Пуск (Бастау) түймесін басып, Справка и поддержка 
НР (НР анықтамасы және қолдау), одан кейін 
Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын 
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер 
үндеткіштері ажыратылады.
(2) USB SuperSpeed порттары (2) Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт 
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары 
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(3) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген 
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша 
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы 
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(4) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
● Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
● Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда.
(5)   Батарея шамы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
● Ақ: Батарея заряды 90% асады.
● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
● Өшірулі: Батарея зарядталмайды. 
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея 
зарядталмай тұрғанда):
● Сары түсте жыпылықтау: Батарея заряды аз деңгейге 
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде, 
батарея шамдары жылдам жыпылықтай бастайды. 
Оң жағы 5










