User's Guide
Түймешік, желдеткіш және үндеткіштер
Бөлік Сипаттама
(1) Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін 
түймешікті басыңыз.
● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін 
түймешікті тез басып қалыңыз.
● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен (тек 
таңдаулы өнімдерде) шығу үшін түймешікті тез басып 
қалыңыз.
● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен 
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрғанда сақталмаған 
ақпараттар жойылады.
Компьютер жауап беруді тоқтатса және Windows жүйесінің 
өшіру процедуралары көмектеспесе, компьютерді өшіру 
үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап 
тұрыңыз.
Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан 
қараңыз.
▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін 
тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание 
(Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
(2)   Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
10 2-тарау Бөліктер










