User's Guide
Арнайы пернелер
Бөлік Сипаттама
(1)   esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты 
көрсетіледі.
(2)   fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын 
жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер 
тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады.
(3) Windows пернесі  Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) 
мәзірі жабылады.
(4)   Әрекет пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды.
Әрекет пернелері (12-бет) бөлімін қараңыз.
Әрекет пернелері
Әрекет пернесі пернесінде белгішемен көрсетілетін функцияны орындайды. Өнімдегі пернелерді 
анықтау үшін Арнайы пернелер (12-бет) бөлімін қараңыз.
▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз.
Белгіше Сипаттама
Басқа адамдардың жан-жақтан көруіне жол бермейді. Егер қажет болса, жарығы аз немесе қараңғы 
орталардың жарықтығын азайтыңыз немесе көбейтіңіз. Құпиялылық экранын өшіру үшін пернені 
қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Ең жоғары қауіпсіздік параметрін тез қосу үшін fn+p пернелерін басыңыз.
12 2-тарау Бөліктер










