User's Guide

DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймешігін басыңыз.
3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын,
DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін
enter пернесін басыңыз.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Өзгертілетін DriveLock құпия сөзін өзгертіңіз, одан кейін құпия сөздерді енгізуге арналған
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Change DriveLock Master Password (DriveLock құралының негізгі құпия сөзін өзгерту)
опциясы DriveLock негізгі құпия сөзі DriveLock құралының құпия сөзін 3-қадамда енгізу сұралған
кезде енгізілгенде ғана көрінеді.
7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Main (Негізгі), Save
Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Yes (Иә) түймешігін
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде)
Саусақ ізін оқу құрылғысымен немесе қосымша инфрақызыл камерамен жабдықталған өнімдерде
Microsoft Hello мүмкіндігі көмегімен жүйеге саусақты сырғыту немесе камераға қарау арқылы кіруге
болады.
Windows Hello орнату үшін
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Учетные записи
(Есептік жазбалар) параметрін таңдаңыз, одан кейін Параметры входа (Кіру параметрлері)
пәрменін таңдаңыз.
2. Құпия сөзді қосу үшін Добавить (Қосу) пәрменін таңдаңыз.
3. Начало работы (Алғашқы жұмыс) опциясын таңдаңыз, одан кейін саусақ ізін немесе бетіңіздің
идентификациялық кодын тіркеу және PIN кодын орнату үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: PIN кодының ұзындығы шектелмейді, бірақ оның құрамында тек сандар болуы
керек. Әріптерді немесе ерекше таңбаларды пайдалану үшін Включить буквы и символы
(Әріптер мен таңбалардан тұрады) құсбелгісін қойыңыз.
48 7-тарау Қауіпсіздік