User's Guide
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану
Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер 
вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе 
утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе 
олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымен қорғауды 
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыруы керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін 
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі
.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Желіаралық 
қалқан компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық 
және бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын 
бағдарламалық құрал.
● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің 
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп 
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес 
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы 
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жағдайларға байланысты қалқан Интернет ойындарына кіруді құрсаулауы, 
желідегі принтерге немесе файлды ортақ пайдалануға кедергі келтіруі немесе рұқсаты бар 
электрондық пошта тіркемелерін құрсаулауы мүмкін. Мәселені уақытша шешу үшін, желіаралық 
қалқанды уақытша өшіріп, орындалатын тапсырманы орындаңыз да, желіаралық қалқанды қайта 
қосыңыз. Ақаулықты толық шешу үшін, қалқанның параметрлерін қайта реттеңіз.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін, компьютерге 
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық 
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Microsoft корпорациясы қауіпсіздік жаңартулары қамтуы мүмкін болатын 
Windows жаңартулары бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан және компьютер 
вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан 
барлық жаңартуларды орнатыңыз.
Бұл жаңартуларды автоматты түрде орнатуға болады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану 49










