User's Guide
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
● Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
(7) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
Сол жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде
әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз
қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
(2)
–
немесе
–
Қуат беретін USB SuperSpeed порты
– немесе –
USB қуат берілетін порты
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері, оптикалық
дискенгізгі немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын
жалғап, оған қуат береді және деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
– немесе –
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері, оптикалық
дискенгізгі немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын
жалғап, оған қуат береді және деректер тасымалын
қамтамасыз етеді.
(3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(4) Жад картасын оқу құрылғысы Ақпарат сақталатын, басқарылатын, ортақ
пайдаланылатын немесе ашылатын қосымша жад
карталарын оқиды.
Картаны салу үшін:
1. Картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын
компьютерге қаратып ұстаңыз.
2. Картаны жад картасын оқу құрылғысына енгізіп, нық
отырғанша үстінен басыңыз.
Сол жағы 5










