User's Guide
Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
Картаны алып тастау үшін:
▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан
алып тастаңыз.
(5) Диск шамы ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда.
● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша
өшіріп қояды.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP
3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде)
пайдалану (55-бет) бөлімінен қараңыз.
Дисплей
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) WLAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін
сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды.
(2) WWAN антенналары* (тек таңдаулы өнімдерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында
сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды.
(3) Ішкі микрофон(дар) (үлгілерге байланысты 1
немесе 2)
Дыбысты жазады.
(4) Камера(лар) (тек таңдаулы өнімдерде) Бейнечат жүргізу, бейне жазу және фотосуреттерді жазу
мүмкіндігін береді. Камераны пайдалану үшін Камераны
пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) (29-бет) бөлімін қараңыз.
Кейбір камераларда құпия сөз орнына бет әлпетін тануды
пайдаланып Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде)
(51-бет) бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Камера функциялары камераның аппараттық
құралына және өнімде орнатылған бағдарламалық құралға
байланысты өзгеше болуы мүмкін.
6 2-тарау Бөліктер










