User's Guide
HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін қосу және параметрлерді реттеу
1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі
ұясына жалғаңыз.
2. Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
3. Дополнительно (Қосымша), одан кейін Параметры встроенных устройств (Кірістірілген құрылғы
параметрлері) пәрмендерін таңдаңыз.
4. LAN желісіне қосылған кезде, WLAN және (немесе) WWAN қосылыстарын өшіру үшін
Автоматическое переключение LAN/WLAN (LAN/WLAN автоматты ауысу) және (немесе)
Автоматическое переключение LAN/WWAN (LAN/WWAN автоматты ауысу) құсбелгісін қойыңыз.
5. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі),
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass
Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP MAC Address Pass Through жүйесі компьютерді және оның желідегі коммуникациясын анықтаудың
реттелетін жолын қамтамасыз етеді. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен Ethernet адаптері арқылы
желіге қосылған компьютерді анықтауға болады. Бұл мекенжай әдепкі параметрлер бойынша
қосылған.
MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын бастаңыз.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді
өшіріп қайта іске қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
▲ Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Бастау мәзірі экранға шыққанша
дыбысты азайту түймесін тез басып ұстап тұрыңыз. Computer Setup утилитасына кіру
үшін f10 пернесін түртіңіз.
2. Дополнительно (Қосымша), одан кейін MAC Address Pass Through пәрмендерін таңдаңыз.
22 3-тарау Желі қосылымдары










