User's Guide

5 Ойын-сауық мүмкіндіктері
HP компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера
арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер
сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера
мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (3-бет) бөлімінде қараңыз.
Камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютердегі бір немесе бірнеше камера басқа пайдаланушылармен жұмыс істеу немесе ойын ойнау
мақсатымен байланысуға мүмкіндік береді. Камералардың көбісі чатты түсіру, бейнені жазу және
фотосуреттерді жазу мүмкіндігін береді. Камералар алға немесе артқа қарап тұруы мүмкін.
Өнімдегі камераны немесе камераларды анықтау үшін, Бөліктер (3-бет) бөлімін қараңыз. Камераны
пайдалану үшін тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына камера сөзін енгізіп, бағдарламалар
тізімінен
Камера бағдарламасын таңдаңыз. Кейбір камералар HD (ажыратымдылығы жоғары)
мүмкіндігін, ойын ойнау үшін бағдарламаларды немесе бет тануға арналған Windows Hello сияқты
бағдарламалық құралын да қамтамасыз етеді. Windows Hello құралын пайдалану туралы толық
ақпаратты Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде) (51-бет) бөлімінен қараңыз.
Объективті камера құпиялылық қақпағымен жабу арқылы компьютердің құпиялылығын арттыруға
болады. Әдепкі бойынша камера объективі жабылмайды, бірақ камера көрінісін бөгеу үшін, камера
құпиялылық қақпағын сырғытуға болады. Камераны пайдалану үшін, камераның құпиялылық
қақпағын қарама-қарсы бағытта сырғытып, объективті ашыңыз.
Дыбысты пайдалану
Музыка жүктеуге және тыңдауға, вебтегі аудио мазмұнды (соның ішінде радионы) тыңдауға, дыбыс
жазуға немесе мультимедиа файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Сондай-ақ
компьютерде (тек таңдаулы өнімдерде) музыкалық ықшам дискілерді ойнатуға немесе ықшам
дискілер ойнату үшін сыртқы оптикалық дискті тіркеуге болады. Тыңдау әсерін жақсарту үшін
құлақаспаптарды немесе үндеткіштерді қосыңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе USB портына немесе компьютердегі не қондыру
тұғырындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына жалғау арқылы
қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін, HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
(33-бет) бөлімін қараңыз. Үндеткіштерді жалғамас бұрын дыбыс қаттылығын төмендетіңіз.
Камераны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 29