User's Guide

Құлақаспаптарды қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін
Документация HP (HP құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Сымды құлақаспаптарды құлақаспап қосуға арналған ұяға немесе компьютердегі аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз құлақаспаптарды жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Гарнитураны қосу
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар
немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша
ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы
ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін
Документация HP (HP құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Микрофонмен біріктірілген құлақаспаптар гарнитура деп аталады. Сымды құлақаспаптарды
компьютердегі аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріктірілген ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Дыбыс параметрлерін пайдалану
Жүйе дыбыс деңгейін реттеу, жүйе дыбысын өзгерту не аудио құрылғыларды басқару үшін дыбыс
параметрлерін пайдаланыңыз.
Дыбыс параметрлерін қарау немесе өзгерту үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, Звук (Дыбыс) пәрменін таңдаңыз.
Компьютерде Bang & Olufsen, DTS, Beats аудио немесе басқа брендтің жақсартылған дыбыс жүйесі
болуы мүмкін. Нәтижеде компьютеріңізге аудио жүйеңізге арналған аудио басқару панелі арқылы
бақыланатын кеңейтілген аудио мүмкіндіктері қосылуы мүмкін.
Дыбыстық параметрлерді көру және басқару үшін дыбыстың басқару панелін пайдаланыңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) деп теріп,
Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз, Аппаратное обеспечение и звук
(Аппараттық құрал және дыбыс) опциясын таңдап, аудио жүйесіне тән дыбысты басқару панелін
таңдаңыз.
30 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері