User's Guide

HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне
интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения
(Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз.
3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
MultiStream Transport технологиясын пайдаланып, сымды дисплейлерді табу
және оларға қосылу
MultiStream Transport (MST) компьютердегі VGA портына немесе DisplayPort қосқыштарына, әрі сыртқы
хабтағы немесе сыртқы қондырма станциясындағы VGA портына немесе DisplayPort қосқыштарына
жалғап, бірнеше сымды дисплей құрылғыларын компьютерге жалғау мүмкіндігін береді.
Компьютерде орнатылған графикалық контроллер түріне немесе компьютерде орнатылған хабтың
болуына қарай, байланысты бірнеше жолмен орнатуға болады. Компьютерге орнатылған аппараттық
құралдарды көру «Құрылғылар басқарушысы» бөлімін қараңыз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Дисплейлерді Intel graphics (қосымша хабты) арқылы қосу
ЕСКЕРТПЕ: Intel сызбалық реттегішімен және қосымша хабпен ең көп 3 дисплей құрылғысын қосуға
болады.
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. USB Type-C кабелінің (бөлек сатылады) бір ұшын компьютердегі USB SuperSpeed портына және
DisplayPort қосқышына жалғаңыз. Кабельдің екінші ұшын сыртқы хабқа (бөлек сатылады)
жалғаңыз. Концентратордың қуат адаптері айнымалы ток қуатына қосылғанына көз жеткізіңіз.
2. Сыртқы дисплей құрылғыларын хабтағы VGA портына немесе DisplayPort қосқыштарына
жалғаңыз.
3. Windows монитордың DisplayPort желі торабына қосылғанын анықтағанда, Уведомление о
топологии DisplayPort (DisplayPort топологиясы туралы хабарландыру) тілқатысу терезесі
көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті опцияларын таңдаңыз. Бірнеше дисплей
нұсқалары барлық қосылған дисплей құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін
Дублировать (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплей құрылғыларына
жаятын Расширитьеңейту) мәндерін қамтиды.
Бейнені пайдалану 33