User's Guide

HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP DaaS құралы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік беретін
бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP DaaS бағдарламалық құралы
зиянды бағдарламалардан және басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін
бақылайды және сізге құрылғы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға
мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты
шешімдермен салыстырғанда қаржы тарапынан тиімді екен. Қосымша ақпарат алу үшін
https://www.hptouchpointmanager.com/ веб-бетіне өтіңіз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Қауіпсіздік кабелі (бөлек сатылады) сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. Қауіпсіздік кабелін
компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Кірістірілген саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы өнімдерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін саусағыңыздың таңбасын HP Client Security бағдарламасының Credential
Manager құралында тіркеуіңіз қажет. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық
құралының анықтамасынан қараңыз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-тораптарда және
бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау және жазу үшін, HP Client Security
бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор:
Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында
Пернетақтаның оң жағында
Дисплейдің үстіңгі оң жағында
Дисплейдің сол жағында
Дисплейдің артқы жағында
Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану 53