User's Guide

Table Of Contents
1 Алғашқы жұмыс
Бұл компьютер жұмыс істеуді және көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып
табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар,
компьютермен жасауға болатын қызықты әрекеттер және қосымша HP ресурстарын табуға болатын
орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Ең жақсы тәжірибе
Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі
қадамдарды орындауды ұсынамыз:
Қалпына келтіру медиа құралдарын жасау арқылы катты дисктің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру (56-бет) бөлімін қараңыз.
Әлі қосылмаған болса, сымды немесе сымсыз желіге қосылыңыз. Егжей-тегжейлі ақпаратты
Желіге қосылу (16-бет) бөлімінен қараңыз.
Компьютердің аппараттық және бағдарламалық құралдарымен танысыңыз. Қосымша ақпарат
алу үшін Компьютермен танысу (3-бет) немесе Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану (21-бет)
бөлімін қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал сатып алыңыз немесе жаңартыңыз. Вирусқа қарсы
бағдарламалық құралды пайдалану (45-бет) бөлімін қараңыз.
HP Support Assistant қолданбасын пайдалану: онлайн қолдауды жылдам алу үшін HP Support
Assistant қолданбасын (тек таңдаулы өнімдерде) ашыңыз. HP Support Assistant қолданбасы
компьютер өнімділігін оңтайландырады және ең соңғы бағдарлама жаңартуларын,
диагностикалық құралдарды және анықтама нұсқауларын пайдалану арқылы мәселелерді
шешеді. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз. Одан кейін Поддержка (Қолдау) опциясын таңдаңыз.
Қосымша HP ресурстары
Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша
мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Кесте
1-1 Қосымша ақпарат
Ресурстар Мазмұны
Орнату нұсқаулары Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне
жалпы шолу
HP қолдау қызметі
HP қолдауы үшін http://www.hp.com/support бетіне
өтіңіз және өнімді табу жөнінде нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына поддержка
(қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant
HP маманымен желіде сөйлесу
Қолдау қызметінің телефон нөмірлері
Ауыстыру бөліктері туралы бейнелер (тек таңдаулы
өнімдерде)
Техникалық күтім және қызмет көрсету нұсқаулықтарын
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайлары
Ең жақсы тәжірибе 1