User's Guide

Table Of Contents
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылайды.
«Windows 10 жүйесінде анықтама алу» веб-бетін ашады.
Жүйеге қосылған дисплейлер арасында экран кескінін ауыстырады. Мысалы, егер монитор
компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін, экран кескіні компьютер дисплейінен
монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі.
Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Таңдаулы өнімдерде
пернетақтаны жарықтандыру жарықтығын реттеуге болады. Пернені қайта басу арқылы жарықтық
деңгейі жоғары (компьютерді бірінші рет бастаған кезде жанады), төмен, өшірулі болып реттеледі.
Пернетақтаның артқы жарық параметрі реттелгеннен кейін, компьютерді іске қосқан сайын, артқы
жарық опциясы алдыңғы параметрге қайтарылады. Компьютер 30 секунд әрекетсіз тұрса,
пернетақтаның артқы жарығы өшеді. Пернетақтаның артқы жарығын қайта қосу үшін кез келген
пернені басыңыз немесе сенсорлы тақтаны (тек таңдаулы өнімдерде) түртіңіз. Бұл мүмкіндікті батарея
зарядын үнемдеу үшін өшіріңіз.
Шағын дискіде алдыңғы ән жолын немесе DVD не Blu-ray дискісінен (BD) алдыңғы бөлімді ойнатады.
Шағын дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатуды бастайды, уақытша тоқтатады немесе ойнатуды
жалғастырады.
Шағын дискіде келесі ән жолын немесе DVD не Blu-ray дискісінен (BD) келесі бөлімді ойнатады.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп азаяды.
Пернені басып тұрса, үндеткіштегі дыбыс деңгейі біртіндеп жоғарылайды.
Үндеткіштегі дыбысты өшіреді немесе қайта қосады.
Пернетақта аймағы 13