User's Guide

Table Of Contents
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Белгіше Сипаттама
Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді.
Ұшақ режимін және сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Ұшақ режимі пернесі де сымсыз байланыс түймешігі деп саналады.
ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнатудан бұрын, сымсыз желі де орнатылуы қажет.
Астыңғы жағындағы
Кесте 2-9 Астыңғы жағындағы бөлік және оның сипаттамасы
Құрамдас бөлшек Сипаттама
Желдеткіш Ішкі құрамдас бөлшектерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі құрамдас бөлшектерді
салқындату және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде
қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып,
біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар
Компьютерге бекітілген жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жою кезінде немесе компьютермен
саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін ақпаратты береді. Жапсырмалар қағаз пішінде немесе өнімде
басылған күйінде болуы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы бөлімде сипатталған жапсырмалар туралы ақпаратты алу үшін келесі
орындарға қараңыз: компьютердің астыңғы жағында, батарея ұясында, қызмет көрсету есігінің
астында, дисплейдің артында немесе планшеттің қайырмалы тірегінің астыңғы жағында.
14 2-тарау Компьютермен танысу