User's Guide

Table Of Contents
HP Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең жолақты мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа
компьютерді мобильді байланыс операторының желісімен пайдаланғанда, Wi-Fi жылдам қосылу
нүктесінсіз интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу мүмкін
болады.
Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін HP мобильді байланыстың кең жолақты
желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін. Нөмір компьютердің түбіндегі
батарея орнының ішінде, қызмет көрсету үшін ашатын есіктің астында немесе дисплейдің артында
компьютердің төменгі жағында орналасқан жапсырмаға басылған болуы мүмкін.
– немесе –
1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басыңыз.
2. Параметры сети и Интернетелі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз.
3. Параметры сети и Интернетелі және Интернет параметрлері) бөлімінің астындағы
Мобильный (Ұялы) параметрін, кейін Дополнительные опции (Қосымша опциялар) параметрін
таңдаңыз.
Кейбір ұялы байланыс операторлары SIM (абонентті анықтау модулі) картасын пайдалануды талап
етеді. SIM картасында жеке идентификациялық нөмір (PIN), сондай-ақ желі туралы ақпарат сияқты
жалпы мәлімет қамтылады. Кейбір компьютерлерге SIM картасы алдын ала орнатылады. Егер SIM
картасы алдын ала орнатылған болмаса, ол компьютермен бірге берілетін HP мобильді кең жолақты
модулі құжаттарының ішінде берілуі мүмкін. Немесе ұялы байланыс операторы оны компьютерден
бөлек беруі мүмкін.
HP мобильді кең жолақты модулі туралы және таңдаулы мобильді желілер операторы арқылы
қызметті іске қосу әдісі туралы мәліметтер алу үшін, компьютерге енгізілген HP мобильді кең жолақты
модулі туралы ақпаратты қараңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері
геодерек, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған
жүйелерге жібереді.
GPS мүмкіндігін қосу үшін орналасқан орнының «Орналасқан орны параметрлері» астынан
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында местоположение (орналасқан орны) деп теріп,
Параметры конфиденциальности сведений о местонахождении (Орынның құпиялылық
параметрлері) опциясын, одан кейін параметрдің өзін таңдаңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
Bluetooth құрылғысы әдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель
қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук)
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сурет түсіретін құрылғылар (принтер, камера)
Дыбыстық құрылғылар (гарнитура, үндеткіштер)
18 3-тарау Желіге қосылу