User's Guide
Table Of Contents
- Алғашқы жұмыс
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану
- Түрту
- Екі саусақ көмегімен масштабтау
- Екі саусақты сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Екі саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Төрт саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Үш саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Төрт саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Бір саусақты сырғыту (сенсорлы экранда)
- Қосымша пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану
- Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану
- Қуат басқару
- Қуат және күту режимдерін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- «Қуат» белгішесін және «Қуат параметрлері» опциясын пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Батарея зарядын көрсету
- HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Батарея қуатын үнемдеу
- Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
- Зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу
- Зауытта пломбаланған батарея
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралды пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электрстатикалық разряд
- Арнайы мүмкіндіктер
- Индекс
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері
арасында ауыса алады.
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
Зарядтау уақыты ±10%-ға дейін өзгеруі мүмкін. Батареяның қалған заряды 0 мен 50% аралығында
болса, компьютер үлгісіне байланысты батарея толық қуаттылығының 50% мөлшеріне дейін ең көбі
30-45 минутта зарядталады.
HP жылдам зарядтау мүмкіндігін пайдалану үшін компьютерді өшіріңіз, одан кейін айнымалы ток
адаптерін компьютерге және сыртқы қуат көзіне жалғаңыз
.
Батарея зарядын көрсету
Батарея зарядының қалған деңгейін экранда көру үшін тінтуір меңзерін Питание (Қуат) белгішесінің
үстіне орналастырыңыз.
HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек
таңдаулы өнімдерде)
Батарея туралы ақпаратқа қол жеткізу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап,
Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер
батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы
анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз.
HP Support Assistant орталығында мына құралдар және батарея туралы ақпарат бар:
● HP Battery Check (HP Батарея тексеру)
● Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері және сыйымдылығы
туралы ақпарат
Батарея қуатын үнемдеу
Батарея қуатын үнемдеу және батареяның қызмет ету мерзімін барынша ұзарту үшін келесі кеңестерді
орындаңыз:
● Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
● Пайдаланбаған кезде, сымсыз құрылғыларды өшіріңіз.
● USB портына қосылған сыртқы қатты диск сияқты сыртқы қуат көзіне жалғанбаған
пайдаланылмайтын сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
34 6-тарау Қуат басқару