User's Guide

Table Of Contents
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек
сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз.
Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі тек ішкі қатты дискілерін қорғайды. Қосымша қондыру
құрылғысына орнатылған немесе USB портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы
қорғалмайды.
ЕСКЕРТПЕ: SSD дискілерінде жылжитын бөліктері болмағасын, HP 3D DriveGuard қызметі осы
дискілер үшін қажет емес.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск индикаторының түсі бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша
қатты диск ұясындағы (не олардың екеуі, тек таңдаулы өнімдерде) дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын көрсету үшін өзгереді.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
HP компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде жаңартуға кеңес береді. Жаңартулар
мәселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Мысалы, ескі
графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін. Ең соңғы диск нұсқасы болмаса, жабдықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана
алмайсыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту үшін келесі әдістердің біреуін таңдаңыз:
Windows 10 пайдалану арқылы жаңарту (38-бет)
Windows 10 S пайдалану арқылы жаңарту (38-бет)
Windows 10 пайдалану арқылы жаңарту
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту үшін
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support
Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
2. Мой ноутбук (Ноутбугім), Обновление (Жаңартулар) опциясын таңдаңыз және Проверить
наличие обновлений и сообщений (Жаңартуларды және хабарларды тексеру) түймешігін
басыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 10 S пайдалану арқылы жаңарту
Бағдарламаларды жаңарту үшін
38 7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету