User's Guide

Table Of Contents
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату
Кесте 8-2 BIOS құпия сөздері және олардың функциялары
Құпия сөз Қызмет
Әкімші құпия сөзі Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет.
Әкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін
болмайды.
Қосылғанда сұралатын құпия
сөз
Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет.
Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта
қосу мүмкін болмайды.
Әкімші құпия сөзін немесе қосылғанда сұралатын құпия сөзді Setup Utility (BIOS) ішінде орнату, өзгерту
немесе жою:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Setup Utility (BIOS) ішіне өзгеріс енгізгенде, сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
1. Setup Utility (BIOS) утилитасы:
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттер:
Компьютерді қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін жылдам басып, f10
пернесін басыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты жоғарылату түймесін
тез басып ұстап тұрыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз.
2. f10 түймесін түртіңіз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) тармағын таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Өзгерістерді сақтау үшін Выход (Шығу), Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу)
одан кейін, Да (Иә) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
44 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау