User's Guide
Table Of Contents
- Алғашқы жұмыс
- Компьютермен танысу
- Желіге қосылу
- Ойын-сауық мүмкіндіктерін пайдалану
- Экранда шарлау
- Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану
- Түрту
- Екі саусақ көмегімен масштабтау
- Екі саусақты сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Екі саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Төрт саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Үш саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Төрт саусақпен сырғыту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта)
- Бір саусақты сырғыту (сенсорлы экранда)
- Қосымша пернетақтаны немесе тінтуірді пайдалану
- Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Сенсорлы тақтаны және сенсорлы экран қимылдарын пайдалану
- Қуат басқару
- Қуат және күту режимдерін пайдалану
- Компьютерді өшіру (сөндіру)
- «Қуат» белгішесін және «Қуат параметрлері» опциясын пайдалану
- Батареяның қуатымен жұмыс істеу
- HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Батарея зарядын көрсету
- HP Support Assistant бағдарламасында батарея мәліметтерін табу (тек таңдаулы өнімдерде)
- Батарея қуатын үнемдеу
- Батарея зарядының төмен деңгейлерін анықтау
- Зарядының төмен деңгейі мәселесін шешу
- Зауытта пломбаланған батарея
- Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу
- Компьютерге техникалық қызмет көрсету
- Компьютер мен ақпаратты қорғау
- Құпиясөздерді пайдалану
- Windows Hello мүмкіндігін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құралды пайдалану
- Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
- HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану
- Сымсыз желіні қорғау
- Бағдарламалық құрал қолданбаларының және мәліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау
- Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде)
- Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдалану
- HP PC Hardware Diagnostics пайдалану
- Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
- Техникалық сипаттамасы
- Электрстатикалық разряд
- Арнайы мүмкіндіктер
- Индекс
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты алу үшін тапсырмалар тақтасының іздеу
жолағында поддержка (қолдау) сөзін жазып, HP Support Assistant бағдарламасын таңдаңыз.
– немесе –
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз.
Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану
Брандмауэр жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған. Брандмауэр
компьютерге және/немесе желіге орнатылатын бағдарламалық құрал немесе аппараттық және
бағдарламалық құралдың екеуін де қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады:
● Хостқа негізделген желіаралық қалқан – тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық
құрал.
● Желіге негізделген желіаралық қалқандар – DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің
арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң, жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп,
пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады. Осы белгілерге сәйкес
келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату
Қауіпсіздік мәселелерін шешу және бағдарламалық құрал жұмысын жақсарту үшін компьютерге
орнатылған HP компаниясының, Windows амалдық жүйесінің және үшінші тарап бағдарламалық
құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Microsoft корпорациясы қауіпсіздік жаңартулары қамтуы мүмкін болатын
Windows жаңартулары бар екені туралы ескертеді. Компьютерді қауіпсіздік бұзудан және компьютер
вирустарынан қорғау үшін ескертулерді алғаннан кейін, мүмкіндігінше, тез Microsoft компаниясынан
барлық жаңартуларды орнатыңыз.
Бұл жаңартуларды автоматты түрде орнатуға болады.
Параметрлерді көру немесе өзгерту үшін:
1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлер) пәрменін және Обновление и
безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз.
2. Windows Update белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
3. Жаңартулар орнатуды бір уақытта жоспарлау үшін Дополнительные опции (Қосымша опциялар)
параметрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек
таңдаулы өнімдерде) пайдалану
HP DaaS құралы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік беретін
бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP DaaS бағдарламалық құралы
зиянды бағдарламалардан және басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін
бақылайды және сізге құрылғы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға
мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралды жылдам жүктеп орнатуға болады, бұл өзіндік стандартты
шешімдермен салыстырғанда қаржы тарапынан тиімді екен. Қосымша ақпарат алу үшін
https://www.hptouchpointmanager.com/ веб-бетіне өтіңіз.
46 8-тарау Компьютер мен ақпаратты қорғау