Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Пайда болуы мүмкін қауіпсіздік мәселелерін азайту үшін компьютермен бірге
қамтамасыз етілген айнымалы ток адаптерін, HP компаниясы ұсынатын ауыстыру айнымалы ток
адаптерін немесе HP компаниясынан керек-жарақ ретінде сатып алынған айнымалы ток адаптерін
компьютермен пайдаланыңыз.
Қытай
者若使用源适配器供则应购买配套使用 CCC 认证准要求的源适配器
Норвегияда пайдалану үшін
Кейбір құрылғылар желі кернеуі 230 В-қа тең ІТ қуат желісінде жұмыс істеуге арналған.
Қуат сымы жинағының талаптары
Келесі ескертпелердің бірі не бірнешеуі өніміңіздің қуат сымына қатысты қолданылуы мүмкін.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы немесе жабдықтың зақымдану қаупін азайту үшін:
Қуат кабелін барлық уақытта оңай қолданылатын жердегі электр розеткасына жалғаңыз.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан шығарып, қуатты компьютерден ажыратыңыз.
Егер қуат сымы 3 істікшелі ашамен берілсе, оны (жерге қосылған) 3 істікшелі розеткаға жалғаңыз.
Қуат сымының жерге қосу істікшесін, мысалы, 2 істікшелі адаптер пайдалану арқылы ажыратуға
болмайды. Қауіпсіз жұмыс істеу үшін жерге қосу өте маңызды болып табылады.
Өніммен бірге қамтамасыз етілген қуат сымы жинағы жабдық бастапқыда сатып алынған елде
пайдалану талаптарына сай келеді. Құрылғымен бірге қамтамасыз етілген қуат сымын, HP Inc.
компаниясы рұқсат берген немесе HP Inc. компаниясының құптауы бар сатушыдан сатып алынған
қосалқы қуат сымын ғана пайдаланыңыз. Қосалқы бөлік нөмірлерін http://www.hp.com/support веб-
сайтынан табуға болады.
Басқа елдерде пайдалануға арналған қуат сымы жинақтары өнім қолданылатын ел талаптарына сай
келуі тиіс. Қуат сымы жинағының талаптары туралы ақпаратты алу үшін өкілетті НР диллері,
сатушысы немесе қызмет провайдеріне хабарласыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Басқа құрылғылардың қуат сымдарын пайдаланбаңыз.
Сәйкес келмейтін қуат сымдары ток соғуына немесе өрт шығуына әкелуі мүмкін.
Төмендегі тізімде берілген талап барлық елдерге қолданылады:
Қуат сымы жинағы орнатылатын елде сынап көру үшін жауапты өкілетті агенттік қуат сымын
құптауы тиіс.
Қуат кабелін жүретін жолға орналастырмаңыз және қандай да болмасын заттың басып тұруына жол
бермеңіз. Сым ашасы, розетка және қуат кабелі өнімнен шығатын жерге басты назар аудару қажет.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қуат сымы жинағы зақымданған құрылғыны пайдалануға болмайды. Егер қуат
сымы жинағы зақымданған болса, оны дереу ауыстырыңыз. Зақымданған сымдар кесірінен
пайдаланушы түрлі қауіп-қатерлерге ұшырауы мүмкін.
қуат сымын қолдану ескертпесі
Компьютерді не қосымша құралды электр тогына қосу үшін мемлекет пен аймағыңызда қолдануға
рұқсат етілген қуат кабелі жабдық жинағына кірмеген жағдайда, оны сатып алу қажет.
Қуат кабелі құрылғыда бейнеленген қуат кернеуі мен электр тогы ақпаратына сәйкес келетін
жабдықпен қолданылуы қажет. Кабельдің кернеуі мен ағымдық электр тогы өнімде бейнеленген
Қуат беру және қуат сымы жинағының талаптары 19