Safety and Environmental Compliance Notes User's Guide

Осы нұсқаулық туралы
Ноутбуктер, планшеттер, үстел компьютерлері, жұқа клиенттер, дербес жұмыс станциялары, көп
қызметті компьютерлер және сауда нүктесіндегі терминалдарға арналған АҚШ, Канада және
халықаралық ережелеріне сай келетін заңдық, қауіпсіздік және қоршаған орта туралы ақпарат осы
нұсқаулықта қамтылады.
Пайдаланушы нұсқаулықтарының ең соңғы нұсқаларын ашу үшін http://www.hp.com/support
сілтемесіне өтіп, өніміңізді табу нұсқауларын орындаңыз. Содан кейін Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) бөлімін таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Алды алынбаса, ауыр жарақатқа немесе өлім жағдайларына себеп болуы мүмкін
болатын қауіпті жағдайды көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Алды алынбаса, жеңіл немесе орташа жарақатқа себеп болуы мүмкін болатын қауіпті
жағдайды көрсетеді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: маңызды, бірақ қауіпке байланысты емес ақпаратты (мысалы, мүліктік залалға
қатысты хабарлар) көрсетеді. Ескерту пайдаланушыға процедураны дәл сипатталғандай
орындалмаса, деректердің жойылуына немесе жабдық не бағдарламалық құралдың зақымдалуына
себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар тұжырымды түсіндіру немесе тапсырманы орындау туралы негізгі
ақпаратты қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Негізгі мәтіннің маңызды бөлімдерін ерекшелеуге немесе қосымша жасауға арналған
қосымша ақпараттан тұрады.
КЕҢЕС: тапсырманы аяқтауға арналған пайдалы кеңестерді қамтамасыз етеді.
iii