Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2019 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron және Pentium – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгілері. Lync, Office 365, Skype және Windows – Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 1 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ...................................................................................................................................... 22 MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу ........................................................................ 22 4 Экранда шарлау ....................................................................................................................................
Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде) .................................................. 37 Компьютерді өшіру (сөндіру) ........................................................................................................................... 37 Қуат белгішесін және Қуат параметрлерін пайдалану .................................................................................. 38 Батареяның қуатымен жұмыс істеу .............................................................................
Қосымша қауіпсіздік кабелін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ........................................................... 53 Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ............................................................. 53 Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы .................................................................................. 53 8 Күтім ..............................................................................................................................
HP Sure Start бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .......................................................... 64 11 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану ...................................................................................................... 65 HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .............................................. 65 HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу .........................................................................
Веб-мазмұнға қол жеткізу жөніндегі нұсқаулар (WCAG) .......................................... 75 Заңдар мен ережелер ..................................................................................................................... 76 Пайдалы арнайы мүмкіндіктер ресурстары мен сілтемелері ....................................................................... 76 Ұйымдар .......................................................................................................................................
1 Алғашқы жұмыс Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, HP компаниясы зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынады: КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайтадан басылғанда, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (17-бет) бөлімінен қараңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны Қауіпсіз және қолайлы жұмыс нұсқаулығы ● Жұмыс орнын реттеу Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: ● Ыңғайлылықты қамтамасыз ететін және жарақат алу қаупін азайтатын дене күйі мен жұмыс дағдыларының нұсқаулары ● Электр және механикалық қауіпсіздік ақпараты ● Маңызды заңдық ескертпелер, соның ішінде қажетінде батареяны дұрыс тастау жолы.
2 Бөліктер Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама ● (7) Қуат қосқышы Өшірулі: Батарея зарядталмайды. Айнымалы ток адаптеріне қосылады. Сол жағы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз. Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды.
Кесте 2-2 Сол жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама Картаны алып тастау үшін: (5) Диск шамы ▲ Картаны басып, оны жад картасын оқу құрылғысынан алып тастаңыз. ● Ақ түсте жыпылықтау: катты диск пайдаланылуда. ● Сары: HP 3D DriveGuard қызметі қатты дискіні уақытша өшіріп қояды. ЕСКЕРТПЕ: HP 3D DriveGuard қызметі туралы ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану (55-бет) бөлімінен қараңыз.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік (5) Сипаттама Камера құпиялылық қақпағы (тек таңдаулы өнімдерде) Әдепкі бойынша камера объективі жабылмайды, бірақ камера көрінісін бөгеу үшін, камера құпиялылық қақпағын сырғытуға болады. Камераны пайдалану үшін, камераның құпиялылық қақпағын қарама-қарсы бағытта сырғытып, объективті ашыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Алға және артқа қарайтын камералары бар болса, бір камера объективі ашылады және пайдалануға дайын болады, басқасы жабылады.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Сенсорлы тақта параметрлері Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдарды реттеу немесе сенсорлы тақтаны өшіру үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2. Параметрді таңдаңыз. Сенсорлы тақтаны қосу үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2.
Кесте 2-4 Сенсорлы тақта құрамдас бөлшектері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Құрамдас бөлшек Сипаттама (2) Сол жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. (3) Оң жақ басқару аймағы Қосымша әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін таңбаланған аймақ. Шамдар ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз. Кесте 2-5 Шамдар және олардың сипаттамалары Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы.
Кесте 2-5 Шамдар және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама (5) Num lk шамы Қосулы: Num lock қосулы. (6) Сымсыз байланыс индикаторы Қосулы: Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы және/ немесе Bluetooth® құрылғысы сияқты ішкі сымсыз құрылғы қосулы. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түспен жанып тұрады. Түймешіктер, желдеткіш саңылау, үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-6 Түйме, желдеткіш саңылау, үндеткіштер, саусақ ізін оқу құрылғысы және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан қараңыз. ▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
Кесте 2-7 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама (2) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (3) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады. (4) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады. ЕСКЕРТПЕ: Windows пернесін қайта бассаңыз, Пуск (Бастау) мәзірі жабылады.
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі. Бұл пернені басып тұрғанда, экран жарықтығы қадам бойынша жоғарылатылады. Пернетақтаның артқы жарықтандыру функциясын өшіреді немесе қосады. Таңдаулы өнімдерде пернетақтаны жарықтандыру жарықтығын реттеуге болады. Пернені қайта басу арқылы жарықтық деңгейі жоғары (компьютерді бірінші рет бастаған кезде жанады), төмен, өшірулі болып реттеледі.
Кесте 2-8 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Сенсорлы тақтаны және сенсорлы тақта шамын қосады және өшіреді. Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран кескінін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге жалғанған болса, пернені қайта-қайта басу компьютер мен мониторда бір уақытта көрсету үшін экран кескінін компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырады. Ұйқылық күйді қосады, бұл ақпаратыңызды жүйелік жадқа сақтайды.
Астыңғы жағы Кесте 2-9 Астыңғы жағындағы бөлік және оның сипаттамасы Бөлік Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін.
Кесте 2-10 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері Құрамдас бөлшек (1) HP өнімінің атауы (2) Модель нөмірі (3) Өнім коды (4) Сериялық нөмір (5) Кепілдік күшінің мерзімі Кесте 2-11 Қызмет көрсету жапсырмасының құрамдас бөлшектері Құрамдас бөлшек 16 (1) HP өнімінің атауы (2) Өнім коды (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырмалар: компьютер туралы заңдық ақпаратты береді.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Амалдық жүйенің басқару элементтерін пайдалану үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында панель управления (басқару тақтасы) сөз тіркесін жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) опциясын таңдаңыз. 2. Сеть и Интернет (Желі және Интернет) пәрменін, одан кейін Центр управления сетями и общим доступом (Желілер мен ортақ кіруді басқару орталығы) пәрменін таңдаңыз.
HP Мобильді кең жолақты модулін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) HP мобильді кең жолақты компьютеріңізде кең ауқымды мобильді қызметке қолдау көрсетілген. Жаңа компьютерді мобильді оператордың желісімен пайдаланғанда Интернетке қосылу, электрондық пошта жіберу немесе корпоративтік желіге қосылу Wi-Fi жылдам қосылу нүктесінсіз мүмкін болады. Мобильді байланыстың кең жолақты қызметін іске қосу үшін, HP мобильді байланыстың кең жолақты желі модулінің IMEI және/немесе MEID нөмірі керек болуы мүмкін.
● Тінтуір ● Сыртқы пернетақта Bluetooth құрылғыларын қосу Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын Bluetooth қосылысын орнату қажет. 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесінде bluetooth сөзін теріп, Bluetooth и другие параметры устройства (Bluetooth және құрылғының басқа параметрлері) тармағын таңдаңыз. 2. Егер ол әлі қосылмаған болса, Bluetooth мүмкіндігін қосыңыз. 3.
Сымды желіге қосылу Таңдаулы өнімдерде сымды байланыс қосылымдары жұмыс істеуі мүмкін: жергілікті желі (LAN) және модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады және телефон кабелін пайдаланатын модемнен жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін қосу және параметрлерді реттеу 1. Желі кабелін компьютер, қосымша қондыру құрылғысы немесе кеңейту құралындағы желі ұясына жалғаңыз. 2. Computer Setup (Компьютерді орнату) (BIOS) утилитасын бастаңыз. ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз.
3. MAC-адрес на основе узла (Хостқа негізделген МАС мекенжайы) опциясының оң жағындағы өрісте мына параметрлерді таңдаңыз: MAC мекенжайын өткізіп жіберу мүмкіндігін қосу үшін Системный адрес (Жүйе мекенжайы) параметрін немесе мекенжайды өзгерту үшін Настраиваемый адрес (Мекенжайды өзгерту) параметрін таңдаңыз. 4. Custom (Теңшеу) параметрін таңдасаңыз, MAC-АДРЕС (MAC МЕКЕНЖАЙЫ) опциясын таңдап, өзгертілген жүйелік MAC мекенжайын енгізіңіз, одан кейін enter пернесін басып мекенжайды сақтаңыз. 5.
4 Экранда шарлау Компьютер моделіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен жылжуға болады: ● Сенсорлық қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз. ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. ● Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз. ● Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту Cortana дыбыстық іске қосылатын виртуалды көмекші құралын ашады. Қимылды орындау үшін, сенсорлы тақтада үш саусақпен түртіңіз. Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін, Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз.
таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Прокрутки (Жанап өту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз. Төрт саусақпен жанап өту (дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша төрт саусақпен жанап өту ашық жұмыс үстелдер арасында ауыстырады. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 4 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 4 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық жұмыс үстелдері арасында ауысу үшін, 4 саусақпен сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін түртіңіз. 2. Теруді бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстіңгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін. Сөзді таңдау үшін оны түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Әрекеттер пернелері және жылдам пернелер экрандық пернетақтада көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері HP компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (3-бет) бөлімінде қараңыз.
Құлақаспаптарды қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын таңдаңыз.
Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нәтиже үшін, егер Расширить (Кеңейту) опциясы таңдалған болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
HDMI арқылы дыбысты реттеу үшін HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне және дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғанғаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер), одан кейін Система (Жүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз. USB Type-C мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын қараңыз. USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. 1.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану ЕСКЕРТУ: Компьютердің Ұйқы режимінде бірнеше осал тараптары бар.
● Пернетақтадағы пернені басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз (тек таңдаулы өнімдерде). Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді өшіреді. Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері арасында ауыса алады. HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды: ● Батарея индикаторы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап, Диагностика бөліміндегі HP батарея тексеру бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі HP батарея тексеру бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды. Батареяны алу немесе ауыстыру кепілдік күшіне әсер етуі мүмкін.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату Кесте 7-3 Компьютерді орнату бағдарламасының құпия сөздері және олардың функциялары Құпия сөз Қызмет BIOS әкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды. ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS әкімші құпия сөзін өзгерту 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және HP логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз.
6. Жаңа құпия сөзіңізді қайта енгізу сұралғанда, жолақты бос қалдырып, enter пернесін қайта басыңыз. 7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі), Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: басыңыз. Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз. 2. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралғанда, BIOS әкімші құпия сөзін енгізіп, enter пернесін басыңыз. 3.
диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі. Егер аталған жағдай орын алса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, бастапқы компьютердің BIOS әкімші құпия сөзін (құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасынан шықпас бұрын DriveLock мүмкіндігін қосуға және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнатуға болады. Қосымша ақпаратты DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату (49-бет) бөлімінен қараңыз. 7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі), Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: басыңыз.
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз. 2. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын, Утилиты жесткого диска (Қатты диск утилиталары) опциясын, DriveLock / Автоматическая защита DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 3.
ЕСКЕРТПЕ: Изменить главный пароль DriveLock (DriveLock құралының негізгі құпия сөзін өзгерту) опциясы DriveLock негізгі құпия сөзі DriveLock құралының құпия сөзін 3-қадамда енгізу сұралған кезде енгізілгенде ғана көрінеді. 7. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі), Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә) түймешігін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ: басыңыз.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдауға болады: ● Хостқа негізделген желіаралық қалқан — тек орнатылған компьютерді қорғайтын бағдарламалық құрал. ● Желіге негізделген желіаралық қалқандар — DSL немесе кабельдік модемнің және үй желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды. Желіаралық қалқан орнатылғаннан соң жүйеге және жүйеден жіберілген барлық деректер тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсіздік белгілері бойынша салыстырылады.
HP Device as a Service (HP құрылғысын қызмет ретінде) (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP DaaS құралы бизнеске компания активтерін тиімді басқаруға және қорғауға мүмкіндік беретін бұлттық технологияларға негізделген АТ шешімі болып табылады. HP DaaS бағдарламалық құралы зиянды бағдарламалардан және басқа шабуылдардан қорғайды, құрылғының жұмысқа қабілеттілігін бақылайды және сізге құрылғы мен қауіпсіздік мәселелерін шешуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік береді.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді немесе бактерицидтік майлықтарды пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид, сутек пероксиді, лигроин және көмірсутек еріткіштері сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: – Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. – Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. – Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. – Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (58-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Құралды жүктеп алу үшін ▲ Microsoft Store бетін ашып, HP Cloud Recovery (HP Бұлттық қалпына келтіру) бағдарламасын іздеңіз. Толық мәліметтер алу үшін http://www.hp.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын, ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мәндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (61-бет) бөлімін қараңыз. 2.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеу ретін f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін: ● 2. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және HP логотипі экранға шыққанда f9 пернесін басыңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады. HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық анықталған кезде, ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын USB флэш-жады дискісіне жүктеу үшін: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Загрузить HP Diagnostics UEFI (HP Diagnostics UEFI жүктеу) опциясын және содан кейін Выполнить (Орындау) пәрменін таңдаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеу қажет. Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек HP компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. HP компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3, 4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (77-бет) бөлімінен қараңыз.
WCAG көру, есту, физикалық, ұғыну және неврологиялық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, сондайақ қол жеткізу қажеттіліктері бар ересек интернетті пайдаланушылардың интернеттегі мазмұнға қол жеткізу тосқауылдарына айтарлықтай шешеді. WCAG 2.
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 75 А Автоматты DriveLock 46 ажырату 47 қосу 46 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 47 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 32, 34 алдыңғы күйге қайтару 58 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 73 табу 74 арнайы мүмкіндіктер 73 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 73 табу 74 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 74 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 73 арнайы пернелер, пайдалану 11 астыңғы жағы 16 аудио 29 HDMI 33 гарнитуралар 30 дыбыс
Ж жабдық, табу 3 жад карталарды оқу құралы, анықтау 5 жапсырмалар Bluetooth 16 WLAN 16 қызмет 15 нормативтік 16 сериялық нөмір 15 сымсыз куәлік 16 жауапсыз жүйе 37 желдеткіш тесіктер, анықтау 11, 15 желдеткіштер, анықтау 5 желі ұясы, анықтау 4 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 51 жетек жарығы, анықтау 6 жұмыс ортасы 71 жұмысты аяқтау 37 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 58 жүктелу реті, өзгерту 59 жүктеу реті f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту 64 З зауытта пломбаланған батарея 40 И индикаторл
әрекет 12 сенсорлы тақта 13 пернелер тіркесімдері микрофон үнзісдендірілген 13 пернетақта енгізілген сандық 12 кірістірілген сандық 12 пернетақта және қосымша тінтуір пайдалану 27 пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану 27 пернетақтаның артқы жарығы әрекет пернесі 13 порттар HDMI 4, 32 USB SuperSpeed 4, 5 USB Type-C 35 USB Type-C DisplayPort 4 USB Type-C SuperSpeed 4 USB Type-C SuperSpeed порты және DisplayPort 31 USB Type-C қуат қосқышы 4 Қуат беретін USB 5 Р ресурстар, арнайы мүмкіндіктер 76 С сақты
B BIOS жаңарту 62 жаңартуды жүктеп алу 63 нұсқаны анықтау 62 Bluetooth жапсырмасы 16 Bluetooth құрылғысы 17, 19 C caps lock шамы, анықтау 9 computer setup 61 Computer Setup BIOS әкімші құпия сөзі 44 жылжу және таңдау 61 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 62 қосу 61 D DriveLock ажырату 49 қосу 49 сипаттама 48 DriveLock басты құпия сөзі өзгерту 50 Drivelock құпия сөзі енгізу 50 өзгерту 50 параметрлер 48 E esc пернесі, анықтау 12 F fn пернесі, анықтау 12 G GPS 19 H HDMI аудио, реттеу 33 HDMI порты қосылу