User's Guide

2 Бөліктер
Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда
орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген.
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар
басқарушысы
) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын
таңдаңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Жүйенің аппараттық құралдарының компоненттері және жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы
ақпарат алу үшін fn+esc (тек таңдаулы өнімдерде) пернелерін басыңыз.
Бағдарламалық құралдардың орналасқан жерлері
Компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін:
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, содан кейін Приложения и
возможности (Бағдарламалар мен мүмкіндіктер) опциясын таңдаңыз.
Оң жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ең ұқсас суретті қараңыз.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары
Бөлік Сипаттама
(1) Аудио шығыс (құлақаспап)/аудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяшық
қосымша автономды микрофонды қолдамайды.
Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері 3