User's Guide
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы)
Бөлік Сипаттама
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қауіпсіздікке
және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік
туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін:
▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу өрісіне
Документация HP (HP құжаттары) деп жазып, одан
кейін Документация HP (HP құжаттары) опциясын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
(2) USB SuperSpeed порты (үлгісіне байланысты
1 немесе 2 порт)
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты USB құрылғысын жалғап, деректерді жоғары
жылдамдықпен беруді қамтамасыз етеді.
(3) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(4) RJ-45 (желі) ұясы/күй шамдары Желілік кабелді қосады.
● Жасыл (сол жақта): желі қосылған.
● Сары (оң жақта): Желіде әрекет орын алуда.
(5) USB Type-C қуат қосқышы, SuperSpeed
порты және DisplayPort™ қосқышы
Компьютерге қуат беретін, қажет болса, компьютер
батареясын зарядтайтын USB Type-C ұясы бар айнымалы
ток адаптерін қосады.
– және –
Ұялы телефон, камера, белсенділік трекері немесе смарт
сағат сияқты Type-C қосқышы бар USB құрылғысын
жалғайды және деректерді жоғары жылдамдықпен беруді
қамтамасыз етеді.
– және –
DisplayPort шығыс ұясын қамтамасыз ету арқылы USB Type-
C ұясы бар дисплей құрылғысын жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Кабельдер мен/немесе адаптерлер (бөлек
сатылады) қажет болуы мүмкін.
(6) Батарея индикаторы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде:
● Ақ: Батарея заряды 90% асады.
● Сары: Батарея заряды – 0 мен 90% аралығында.
● Өшірулі: Батарея зарядталмайды.
Айнымалы ток қуаты ажыратылған кезде (батарея
зарядталмай тұрғанда):
● Сары түсте жыпылықтау: Батарея заряды аз деңгейге
жетті. Батарея төмен заряд деңгейіне жеткенде,
батарея индикаторлары жылдам жыпылықтай
бастайды.
4 2-тарау Бөліктер










