User's Guide

Бейнені пайдалану
Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы ойнатылатын бейнені көруге және желіге қосылмаған
компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты
бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты әрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор
немесе теледидарға қосу үшін бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға қауіпсіз
түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Бейне мүмкіндіктеріңізді пайдалану туралы ақпаратты алу үшін HP Support Assistant қолданбасын
қараңыз.
USB Type-C кабелі арқылы DisplayPort құрылғысын жалғау (тек таңдаулы
өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C DisplayPort құрылғысын компьютерге жалғау үшін, бөлек сатылатын USB
Type-C кабелі қажет болады.
Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы DisplayPort құрылғысынан қарау
үшін DisplayPort құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз:
1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB SuperSpeed портына және DisplayPort ұясына
жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы DisplayPort құрылғысына жалғаңыз.
3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін, f1 түймесін басыңыз:
Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
Қайталау: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f1 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
Бейнені пайдалану 31