User's Guide

ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер),
одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық
мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу
Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы ең көп 3 дисплей құрылғысын келесі
конфигурациялармен қосуға болады:
Қосымша қондыру станциясына жалғанған үш 3840 × 2160 DisplayPort мониторлары
Компьютерге жалғанған бір 3840 × 2160 DisplayPort мониторы мен бір 1920 × 1200 HDMI мониторы
Бірнеше дисплей құрылғысын орнату үшін осы қадамдарды орындаңыз:
1. Сыртқы дисплей құрылғыларын VGA портына немесе компьютер негізіндегі немесе қондыру
станциясындағы DisplayPort ұяларына жалғаңыз.
2. Windows монитордың DisplayPort желі торабына қосылғанын анықтағанда, Уведомление о
топологии DisplayPort (DisplayPort топологиясы туралы хабарландыру) тілқатысу терезесі
көрсетіледі. Дисплей параметрлерін реттеу үшін қажетті опцияларын таңдаңыз. Бірнеше дисплей
нұсқалары барлық қосылған дисплей құрылғыларындағы экран кескінін кеңейтетін
Дублировать (Қайталау) немесе компьютер экранын барлық қосылған дисплей құрылғыларына
жаятын Расширитьеңейту) мәндерін қамтиды.
ЕСКЕРТПЕ: Тілқатысу терезесі пайда болмаса, әрбір сыртқы дисплей құрылғысының хабтағы
дұрыс портқа жалғанғанын тексеріңіз. Пуск (Бастау) түймесін басып, Параметры (Параметрлер),
одан кейін Системаүйе) тармақтарын таңдаңыз. Дисплей астынан қажетті ажыратымдылық
мәнін таңдаңыз, одан кейін Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) опциясын таңдаңыз.
Miracast-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу және оларға қосылу (тек
таңдаулы өнімдерде)
ЕСКЕРТПЕ: Пайдаланылатын дисплей түрін (Miracast технологиясымен үйлесімді немесе Intel WiDi)
анықтау үшін, теледидармен немесе қосымша дисплеймен бірге берілетін құжаттарды қараңыз.
Ағымдағы ашық тұрған бағдарламаларды жаппай, Miracast®-үйлесімді сымсыз дисплейлерді табу
және оларға қосылу үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
Miracast ашу үшін:
Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында демонстрировать (көрсету) сөзін теріп,
Демонстрировать на втором экране (Екінші экранда көрсету) опциясын таңдаңыз. Подключение
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) пәрменін таңдап, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
Деректерді беру мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып,
компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
Көру сапасын жақсарту мақсатына USB Type-C порттарының біреуін компьютердегі ұялы телефон,
камера, белсенділік трекері немесе смарт сағат сияқты USB құрылғысын қосу және файлдарды
компьютерге беру үшін пайдаланыңыз.
34 5-тарау Ойын-сауық мүмкіндіктері