User's Guide
● Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
1. Планшетті өшіріңіз.
2. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен
бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз.
2. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын, Утилиты жесткого диска (Қатты диск утилиталары)
опциясын, DriveLock / Автоматическая защита DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock)
опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
3. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Отключить DriveLock (DriveLock құралын ажырату) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter
пернесін басыңыз.
5. DriveLock бағдарламалық құралын өшіру үшін, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
6. Енгізілген өзгерістерді сақтап, Computer Setup утилитасынан шығу үшін Главная (Негізгі),
Сохранить изменения и выйти (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын таңдаңыз, одан кейін Да (Иә)
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін
басыңыз.
DriveLock құпия сөзін енгізу
Қатты дискінің компьютерге енгізілгенін қадағалаңыз (қосымша оптикалық құралға немесе сыртқы
MultiBay құралына емес).
DriveLock құпия сөзін енгізу сұралған кезде, DriveLock пайдаланушылық немесе негізгі құпия сөзіңізді
(құпия сөзді орнатқанда бірдей басылған пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter
пернесін басыңыз.
Құпия сөз енгізудің үш сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті
қайталаңыз.
DriveLock құпия сөзін өзгерту
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды
орындаңыз:
1. Компьютерді өшіріңіз.
2. Қуат түймешігін басыңыз.
3. Пароль DriveLock (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп
жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін
басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
4. Безопасность (Қауіпсіздік) опциясын, Утилиты жесткого диска (Қатты диск утилиталары)
опциясын, DriveLock / Автоматическая защита DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock)
опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
5. Басқарылатын қатты дискіні таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
6. Өзгертілетін DriveLock құпия сөзін өзгертіңіз, одан кейін құпия сөздерді енгізуге арналған
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
50 7-тарау Қауіпсіздік










