Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2019 HP Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады және оны HP Inc. компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel, Celeron, Pentium және Thunderbolt – АҚШ және/немесе басқа елдердегі Intel корпорациясының немесе еншілес компанияларының сауда белгілері. Lync, Office 365, Skype және Windows – Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы және/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беткейдің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем не мата сияқты жұмсақ беткейдің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде) МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютердің таңдаулы өнімдері Intel® Pentium® N35xx/N37xx сериялы немесе Celeron® N28xx/N29xx/N30xx/N31xx сериялы процессормен және Windows ® амалдық жүйесімен жабдықталады. Жоғарыда сипатталған компьютерде msconfig.exe файлында процессордың конфигурациялық параметрлерін 4 немесе 2 процессордан 1 процессорға өзгертпеңіз. Егер өзгертсеңіз, компьютер қайта қосылмайды.
vi Процессордың конфигурация параметрі (тек таңдаулы өнімдерде)
Maзмұны 1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1 Ақпаратты табу .................................................................................................................................................... 2 2 Бөліктер ......................................................................................................................................................
Жергілікті желіге (LAN) қосылу (тек таңдаулы өнімдерде) ........................................................ 25 HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану ........................ 26 HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін қосу және параметрлерді реттеу .............. 26 Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану .......................................................................................................
USB Type-C портына құрылғыларды жалғау (тек таңдаулы өнімдерде) ................................. 39 6 Қуат басқару .............................................................................................................................................. 40 Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану .............................................................................................. 40 Ұйқылық күйді қосу және одан шығу ............................................................................
Windows Hello (тек таңдаулы өнімдерде) ....................................................................................................... 55 Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану ................................................................................... 56 Желіаралық қалқан бағдарламалық құралын пайдалану ........................................................................... 56 Бағдарламалық құрал жаңартуларын орнату ................................................................
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ............................. 67 BIOS нұсқасын жаңарту .................................................................................................................. 67 BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................ 67 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........................................................................................
Ең жақсы арнайы технологияны табу ........................................................................................... 79 Қажеттіліктеріңізге қол жеткізу .................................................................................. 79 HP өнімдеріне арналған арнайы мүмкіндіктер .......................................................... 79 Стандарттар және заңдар .................................................................................................................................
1 Алғашқы жұмыс Компьютерді орнатқан және тіркеген соң, НР компаниясы зерделі қаржыландырудың ең көбін алу үшін келесі қадамдарды орындауды ұсынады: КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау экранына жылдам оралу үшін пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows пернесі қайтадан басылғанда, алдыңғы экран ашылады. ● Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды және сымсыз желіні реттеңіз. Қосымша ақпаратты Желі қосылымдары (21-бет) бөлімінен қараңыз.
Ақпаратты табу Өнім туралы егжей-тегжейлі деректерді, практикалық нұсқаулық ақпаратын және қосымша мәліметтерді қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз. Кесте 1-1 Қосымша ақпарат Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға және мүмкіндіктеріне жалпы шолу НР қолдау қызметі ● HP маманымен желіде сөйлесу НР қолдауы үшін http://www.hp.com/support бетіне өтіңіз және өнімді табу жөнінде нұсқауларды орындаңыз.
Кесте 1-1 Қосымша ақпарат (жалғасы) Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын ашу үшін Интернетке қосылу қажет. НР Шектеулі кепілдігін өнімдегі және/немесе қорапта қамтамасыз етілген ықшам дискіде немесе DVD дискісіндегі пайдаланушы нұсқаулықтарында табуға болады. Кейбір елдерде немесе аймақтарда HP компаниясы басылған кепілдікті қорапта ұсынады. Басылған түрдегі кепілдік берілмейтін елдерде/аймақтарда оның басылған көшірмесін http://www.hp.
2 Бөліктер Компьютерде жоғарғы деңгейлі бөліктер бар. Бұл тарауда бөліктер туралы, олардың қайда орналасқаны және қалай істейтіні туралы мәліметтер берілген. Аппараттық құралдардың орналасқан жерлері Компьютерге орнатылған аппараттық құралдарды көру үшін: ▲ Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында диспетчер устройств (құрылғылар басқарушысы) деп теріп, Диспетчер устройств (Құрылғылар басқарушысы) қолданбасын таңдаңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімде көрсетіледі.
Оң жақтағы Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік (1) Сипаттама Батарея индикаторы Айнымалы ток көзіне қосылған кезде: ● Ақ: батарея заряды 90% асады. ● Сары: батарея заряды – 0 мен 90% аралығында. ● Өшірулі: батарея зарядталмайды.
Кесте 2-1 Оң жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз.
Кесте 2-2 Сол жақтағы бөліктер және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып ұстап тұрыңыз. Қуат параметрлері туралы ақпаратты қуат опцияларынан қараңыз. ▲ Индикатор питания (Қуат көрсеткіші) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз. (3) (4) Қуат индикаторы Қауіпсіздік кабеліне арналған нано ұясы ● Қосулы: компьютер қосулы.
Дисплей Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) WWAN антенналары (тек таңдаулы өнімдерде)* Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді және қабылдайды. (2) WLAN антенналары* Сымсыз жергілікті желілермен (WLAN) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді және қабылдайды. (3) Сыртқы жарық сенсоры Қоршаған орта жарығына байланысты дисплей жарықтығын реттейді. (4) Ішкі микрофондар (2) Дыбыс жазады.
Кесте 2-3 Дисплей бөліктері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Бөлік Сипаттама ● Камераны жабу үшін қақпақты оң жаққа жылжытыңыз. * Бұл антенналар компьютердің сыртынан көрінбейді. Жақсы таратылым үшін антенналардың айналасындағы аймақтарды тез арада кедергілерден тазалаңыз. Сымсыз байланыс ережелері туралы ескертпелерді көру үшін мемлекетіңізде немесе аймағыңызда қолданылатын Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер бөлімін қараңыз.
Пернетақта аумағы Сенсорлы тақта Сенсорлы тақта параметрлері Сенсорлы тақта параметрлері мен қимылдарды реттеу немесе сенсорлы тақтаны өшіру үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2. Параметрді таңдаңыз. Сенсорлы тақтаны қосу үшін 1. Тапсырмалар тақтасының іздеу терезесіне параметры сенсорной панели (сенсорлы тақта параметрлері) деп теріп, enter пернесін басыңыз. 2.
Шамдар Кесте 2-6 Индикаторлар және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас әріпке ауыстыратын «Caps lock» пернесі басылған. (2) Дыбысты өшіру индикаторы ● Қосулы: компьютер дыбысы өшірулі. ● Өшірулі: компьютер дыбысы қосулы. ● Қосулы: микрофон өшірулі. ● Өшірулі: микрофон қосулы. (3) Микрофон дыбысын өшіру шамы (4) num lk индикаторы Қосулы: Num lock қосулы.
Үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы Саусақ ізін оқу құрылғысы сенсорлы тақтада, компьютердің бүйір панелінде немесе пернетақтаның астынан үстіңгі қақпақта орналасқан болуы мүмкін. Кесте 2-7 Үндеткіштер және саусақ ізін оқу құрылғысы, олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (2) Саусақ ізін оқу құрылғысы Құпия сөзді енгізбестен, саусақ ізін пайдаланып, Windows амалдық жүйесіне кіруге мүмкіндік береді. ▲ Саусақ ізін оқу құрылғысын саусағыңызбен түртіңіз.
Арнайы пернелер Кесте 2-8 Арнайы пернелер және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі Басқа пернемен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. Осындай пернелер тіркесімдері жылдам пернелер деп аталады. Жылдам пернелер (тек таңдаулы өнімдерде) (16-бет) бөлімін қараңыз. (3) Windows пернесі Пуск (Бастау) мәзірін ашады.
Әрекет пернелері Әрекеттер пернелері арнайы функцияларды орындайды және бұл пернелер компьютерге байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Компьютерде пернелердің қайсысы бар екенін анықтау үшін пернетақтадағы белгішелерге қарап, оларды кестеде берілген сипаттамалармен сәйкестендіріңіз. ▲ Әрекет пернесін пайдалану үшін оны басып ұстап тұрыңыз. ЕСКЕРТПЕ: мүмкін.
Кесте 2-9 Әрекет пернелері және олардың сипаттамалары (жалғасы) Белгіше Сипаттама Микрофонды үнсіздендіреді. «Windows 10 жүйесінде анықтама алу әдісі» веб-бетін ашады. Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады. Сымсыз байланыс мүмкіндігін қосады немесе ажыратады. ЕСКЕРТПЕ: Сымсыз байланысты орнату үшін сымсыз желі де орнатылуы қажет. Сенсорлы тақтаны қосады немесе өшіреді. Сенсорлы тақтаны және сенсорлы тақта индикаторын қосады және өшіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті ажырату үшін fn пернесін және сол жақ shift пернесін басып ұстап тұрыңыз. fn lock шамы жанады. Әрекет пернелер мүмкіндігін өшіргеннен кейін, қажет әрекетті орындау үшін тиісті әрекет пернесін fn пернесімен бірге басуға болады. Жылдам пернелер (тек таңдаулы өнімдерде) Пернелер тіркесімі fn пернесінің және басқа перненің тіркесімі болып табылады.
Астыңғы жағы Кесте 2-11 Астыңғы жағындағы бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Артқы көрінісі Кесте 2-12 Артқы жағындағы құрамдас бөліктер және олардың сипаттамалары Бөлік Сипаттама Желдеткіш тесік Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін және қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Кесте 2-14 Қызмет көрсету жапсырмасының бөліктері Бөлік (1) HP өнімінің атауы (2) Өнім коды (3) Сериялық нөмір (4) Кепілдік күшінің мерзімі ● Нормативтік ақпараты бар жапсырмалар: компьютер туралы заңдық ақпаратты береді. ● Сымсыз куәландыру белгілері:қосымша сымсыз құрылғылар туралы ақпаратты және осы құрылғылардың қолданылуы мақұлданған елдер немесе аймақтардың мақұлдау таңбаларын қамтамасыз етеді.
2. Картаны SIM ұясына енгізіп, карта нық отырғанша, оны ішіне итеріңіз. ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің SIM картасы осы бөлімдегі суреттегіден сәл өзгешелеу болуы мүмкін. SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, ұясынан шығарып алыңыз.
3 Желі қосылымдары Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып, үйде отырып та, дүние жүзін шарлап, миллиондаған веб-сайттардың ақпаратына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат әлеммен байланысуға көмектеседі.
Сымсыз байланыс түймесі Компьютерде сымсыз байланыс түймешігі, бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылар және бір немесе екі сымсыз байланыс шамы бар. Компьютердегі сымсыз құрылғылардың барлығы зауытта іске қосылады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Амалдық жүйе басқару элементтері Желі және ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, желі ақаулықтарын тексеруге және жөндеуге мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қосылғыңыз келетін WLAN жүйесі тізімде болмаса, мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін оң жақ түймешікпен басып, Открыть настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлерін ашу) опциясын таңдаңыз. – немесе – Тапсырмалар тақтасындағы желі күйінің белгішесін басып, Настройки сети и Интернета (Желі және Интернет параметрлері) опциясын таңдаңыз. 2.
GPS пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS спутниктері орналасу, жылдамдық және бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен жабдықталған жүйелерге жібереді. GPS мүмкіндігін қосу үшін орналасқан орынның Windows жүйесінің құпиялылық параметрлері астынан қосылғанына көз жеткізіңіз. 1.
NFC мүмкіндігін ақпаратты бөлісу үшін пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) Компьютеріңіз NFC қолдауы бар екі құрылғы арасында ақпаратты сымсыз ортақ пайдалану мүмкіндігін беретін NFC технологиясына қолдау көрсетеді. Ақпарат телефон немесе құрылғының антеннасын компьютердің түрту аймағымен (антеннамен) түрту арқылы тасымалданады.
2. Желілік кабелдің екінші ұшын желінің қабырға ұясына (2) немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Желі кабелінің теледидар мен радио кедергілерінен қорғайтын кедергілерді басу схемасы (3) бар болса, кабельдің осы схема орналасқан ұшын компьютерге қарай бағыттаңыз. HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану LAN ортасында LAN желісін рұқсатсыз кіруден қорғау үшін HP LAN-Wireless Protection мүмкіндігінің параметрлерін орнатуға болады.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. Компьютерді желіде анықтау үшін HP MAC Address Pass Through жүйесін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP MAC Address Pass Through жүйесі компьютерді және оның желідегі коммуникациясын анықтаудың реттелетін жолын қамтамасыз етеді. Жүйелік MAC мекенжайы көмегімен Ethernet адаптері арқылы желіге қосылған компьютерді анықтауға болады. Бұл мекенжай әдепкі параметрлер бойынша қосылған. MAC Address Pass Through параметрлерін реттеу 1.
4 Экранда шарлау Компьютер үлгісіне байланысты компьютер экраны бойынша бір немесе бірнеше әдістер көмегімен жылжуға болады: ● Сенсорлы қимылдарды тікелей компьютер экранында пайдаланыңыз. ● Сенсорлы қимылдарды сенсорлы тақтада пайдаланыңыз. ● Қосымша тінтуірді немесе пернетақтаны (бөлек сатылады) пайдаланыңыз. ● Экрандағы пернетақтаны пайдаланыңыз. ● Меңзеу таяқшасын пайдаланыңыз.
Екі саусақ көмегімен масштабтау Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Кішірейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз. ● Үлкейту үшін екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
Үш саусақпен түрту (сенсорлы тақта және дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша үш саусақпен түрту Cortana дыбыстық іске қосылатын виртуалды көмекші құралын ашады. Қимылды орындау үшін сенсорлы тақтада үш саусақпен түртіңіз. Бұл қимылдың дәл сенсорлы тақтадағы функциясын өзгерту үшін Пуск (Бастау), Параметры (Параметрлер), Устройства (Құрылғылар) және Сенсорная панель (Сенсорлы тақта) тармағын таңдаңыз. Жесты тремя пальцами (Үш саусақ қимылдары) бөліміндегі Касания (Түрту) терезесінде қимыл параметрін таңдаңыз.
Төрт саусақты сырғыту (дәл сенсорлы тақта) Әдепкі бойынша төрт саусақты сырғыту ашық жұмыс үстелдері арасында ауыстырады. ● Ашық тұрған барлық терезелерді көру үшін 4 саусағыңызды өзіңізден сырғытыңыз. ● Жұмыс үстелін көрсету үшін 4 саусағыңызды өзіңізге қарай сырғытыңыз. ● Ашық жұмыс үстелдері арасында ауысу үшін 4 саусақты сол немесе оң жаққа сырғытыңыз.
Экрандық пернетақтаны пайдалану (тек таңдаулы өнімдерде) 1. Экрандық пернетақтаны көрсету үшін тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы пернетақта белгішесін түртіңіз. 2. Теруді бастаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Экрандық пернетақтаның үстіңгі жағында сөздер мысалдары ұсынылуы мүмкін. Сөзді таңдау үшін оны түртіңіз. ЕСКЕРТПЕ: Әрекеттер пернелері және жылдам пернелер экрандық пернетақтада көрсетілмейді және жұмыс істемейді.
5 Ойын-сауық мүмкіндіктері HP компьютерін бизнес немесе ойын-сауық мақсаттарында басқа пайдаланушылармен камера арқылы байланысу, дыбыс пен бейнені біріктіру немесе проектор, монитор, теледидар не үндеткіштер сияқты сыртқы құрылғыларды қосу үшін пайдаланыңыз. Компьютерде аудио, видео және камера мүмкіндіктерінің орналасқан орындары туралы ақпаратты Бөліктер (4-бет) бөлімінде қараңыз.
Гарнитураны қосу АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс қаттылығын төмендетіңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін Қауіпсіздікке және қоршаған ортаға қойылатын талаптарға сәйкестік туралы ескертпелер нұсқаулығын қараңыз. Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін: ▲ Документация НР (НР құжаттары) деп тапсырмалар іздеу жолағына жазып, одан кейін Документация НР (НР құжаттары) опциясын таңдаңыз.
USB Type-C кабелі арқылы Thunderbolt құрылғысын жалғау ЕСКЕРТПЕ: USB Type-C Thunderbolt™ құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын USB Type-C кабелі қажет болады. Бейне немесе ажыратымдылығы жоғары дисплей шығысын сыртқы Thunderbolt құрылғысында қарау үшін Thunderbolt құрылғысын мына нұсқауларға сәйкес жалғаңыз: 1. USB Type-C кабелінің бір ұшын компьютердегі USB Type-C Thunderbolt портына жалғаңыз. 2. Кабельдің екінші ұшын сыртқы Thunderbolt құрылғысына жалғаңыз. 3.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға немесе мониторға жалғаңыз. 3. Төрт дисплей күйі арасында ауыстыру үшін f1 түймесін басыңыз: ● Компьютер экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру. ● Қайталау: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де көру. ● Кеңейту: экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру. ● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
Дыбыстық ағынды компьютер үндеткіштеріне беру үшін: 1. Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики (Үндеткіштер) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Әдепкі күйді орнату) пәрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Intel графикасы (орнатылған хабты) бар компьютерлерге дисплейлерді қосу Ішкі хаб және Intel графикалық басқарушы арқылы ең көп 3 дисплей құрылғысын келесі конфигурациялармен қосуға болады: ● компьютерге қосылған екі 1920 × 1200 DisplayPort мониторы және қосымша қондыру станциясына қосылған бір 1920 × 1200 VGA мониторы; ● компьютерге қосылған бір 2560 × 1600 DisplayPort мониторы және қосымша қондыру станциясына қосылған бір 1920 × 1200 VGA мониторы.
к беспроводному дисплею (Сымсыз дисплейге қосылу) пәрменін таңдап, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Intel WiDi ашу үшін: ▲ Intel WiDi тапсырмалар іздеу жолағына сөзін жазып, одан кейін Intel WiDi. Деректерді беру мүмкіндігін пайдалану Компьютерді фотосуреттер, бейнелер мен фильмдерді USB құрылғыларынан жылжытып, компьютерде қарауға мүмкіндік беретін қуатты көңіл көтеру құрылғы болып табылады.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп, батареяны зарядтау үшін сыртқы қуат көзі қолжетімді болмаған кезде, батарея зарядын бақылаған және үнемдеу маңызды. Осы тарауда сипатталған кейбір қуатты басқару мүмкіндіктері компьютеріңізде қолжетімді болмауы мүмкін. Ұйқылық режимді және күту күйін пайдалану МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютер Ұйқы режимінде болғанда, бірнеше осал тараптары бар.
● Пернетақтадағы пернені басыңыз (тек таңдаулы өнімдерде). ● Сенсорлы тақтаны түртіңіз (тек таңдаулы өнімдерде). Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, жұмысыңыз экранға оралады. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер, ұйқылық режимнен шыққан кезде, құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені және дисплей мен компьютерді өшіреді. Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде, оның жұмысын аяқтаңыз. Ұсынылатын рәсім Windows жүйесінің жұмысты аяқтау пәрменін пайдалану болып табылады. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқылық режимде немесе күту күйінде болғанда, қуат түймешігін басып қалу арқылы ұйқылық режимнен немесе күту күйінен шығу қажет. 1.
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде ашылған бағдарламаларға, экранның жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға және басқа да себептерге байланысты компьютер батареясының жұмыс мерзімі әртүрлі болады. ЕСКЕРТПЕ: Кейбір компьютер өнімдері батарея зарядын сақтау үшін графика контроллерлері арасында ауыса алады. HP Жылдам зарядтау мүмкіндігін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP Жылдам зарядтау мүмкіндігі арқылы компьютердегі батареяны жылдам зарядтауға болады.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы мультимедиа карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатпас бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде, батарея шамы жыпылықтайды: ● Батарея шамы (тек таңдаулы өнімдерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен деңгейін көрсетеді.
Тапсырмалар тақтасындағы сұрау белгісінің белгішесін басыңыз. 2. Устранение неполадок и ошибок (Ақаулықтарды жою және түзету) опциясын таңдап, Диагностика бөліміндегі HP Battery Check (НР Батарея тексеру) бағдарламасын таңдаңыз. Егер батареяны ауыстыру керектігі HP Battery Check (HP Батарея тексеру) бағдарламасы арқылы анықталған болса, HP қолдау қызметімен хабарласыңыз. Осы құрылғыдағы батареяны (батареяларды) пайдаланушы арқылы оңай ауыстыруға болмайды.
7 Қауіпсіздік Компьютерді қорғау Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері және Windows жүйесіне кіретін Computer Setup (кез келген амалдық жүйеде жұмыс істейтін BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен деректеріңізді әртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған. Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
Құпия сөздерді пайдалану Құпия сөз – компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия сөздер Windows жүйесінде немесе компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасы арқылы тағайындалады. ● BIOS әкімшісінің қосылғанда сұралатын құпия сөзі және DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Кесте 7-3 Компьютерді орнату бағдарламасының құпия сөздері және олардың функциялары (жалғасы) Құпия сөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: BIOS әкімші құпия сөзін жою мақсатымен мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия сөзді жоюға болмауы мүмкін. Қосылғанда сұралатын құпия сөз ● Оны компьютерді қосқан не қайта бастаған сайын енгізу қажет. ● Қосылғанда сұралатын құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, компьютерді қосу немесе қайта қосу мүмкін болмайды.
● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ ● Computer Setup утилитасын ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін дыбыс деңгейін азайту түймешігімен бірге басыңыз, одан кейін Computer Setup утилитасын ашу үшін F10 пернесін басыңыз. 2.
ЕСКЕРТПЕ: басыңыз. Тармақтарды таңдау үшін көрсеткі пернелерін пайдаланып жатсаңыз, enter пернесін Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді. BIOS әкімші құпия сөзін енгізу BIOS әкімші құпия сөзін енгізу сұралған кезде, құпия сөзіңізді (құпия сөзді орнатқанда басылған бірдей пернелерді пайдалану арқылы) теріңіз, одан кейін enter пернесін басыңыз. BIOS әкімші құпия сөзін енгізудің екі сәтсіз әрекетінен кейін компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және әрекетті қайталаңыз.
3. Security (Қауіпсіздік) опциясын, Hard Drive Utilities (Қатты диск утилиталары) опциясын, DriveLock/Automatic DriveLock (DriveLock/Автоматты DriveLock) опциясын таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз. 4. enter пернесі мен тінтуірдің сол жақ түймешігін басу немесе сенсорлы экранды пайдалану арқылы Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) құсбелгісін қойыңыз. 5.
Автоматты DriveLock құпия сөзін енгізу Егер автоматты DriveLock мүмкіндігі қосулы және диск бастапқы компьютерге жалғанған күйінде қалса, дискті бұғатсыздандыру үшін DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы берілмейді. Дегенмен, егер диск басқа компьютерге жылжытылған болса немесе бастапқы компьютердегі жүйелік тақта ауыстырылған болса, DriveLock құпия сөзін енгізу нұсқауы беріледі.
5. Ескерту хабарын мұқият оқып шығыңыз. 6. DriveLock басты құпия сөзін орнату үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасынан шықпас бұрын DriveLock мүмкіндігін қосуға және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнатуға болады. Қосымша ақпаратты DriveLock мүмкіндігін қосу және DriveLock пайдаланушы құпия сөзін орнату (53-бет) бөлімінен қараңыз. 7.
DriveLock құралын ажырату 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. ● ● Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Computer Setup утилитасын ашу үшін, қуат түймесін басыңыз және НР логотипі экранға шыққанда f10 пернесін басыңыз. Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде: 1. Планшетті өшіріңіз. 2.
DriveLock құпия сөзін өзгерту Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін өзгерту үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз: 1. Компьютерді өшіріңіз. 2. Қуат түймешігін басыңыз. 3. DriveLock Password (DriveLock құпия сөзін енгізу) сұралғанда, DriveLock құралының өзгертіліп жатқан ағымдағы пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзін теріңіз, enter пернесін басыңыз және Computer Setup утилитасын ашу үшін f10 пернесін басыңыз немесе түртіңіз. 4.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану Компьютерді электрондық поштаға, желіге немесе Интернетке кіру үшін қолданғанда, ол компьютер вирустары қаупіне ұшырауы мүмкін. Компьютер вирустары амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе утилиталарды өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне әкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді.
Параметрлерді көру немесе өзгерту үшін: 1. Пуск (Бастау) түймешігін басып, Параметры (Параметрлерді) пәрменін және Обновление и безопасность (Жаңарту және қауіпсіздік) пәрменін таңдаңыз. 2. Windows Update белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 3. Жаңартулар орнатуды бір уақытта жоспарлау үшін Дополнительные опции (Қосымша опциялар) параметрін таңдаңыз және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы Саусақ ізін оқу құрылғысы компьютердің төмендегі жерлерінде орналасқан кішкендей темір сенсор: ● Сенсорлы тақтаның төменгі жағының қасында ● Пернетақтаның оң жағында ● Дисплейдің үстіңгі оң жағында ● Дисплейдің сол жағында ● Дисплейдің артқы жағында Өнімнің үлгісіне қарай саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан орналасуы мүмкін.
8 Күтім Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсетіліп тұруы тиіс. Бұл тарауда дискіні дефрагментациялау және дискіні тазалау құралдарын пайдалану жолдары түсіндіріледі. Сонымен қатар бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту нұсқаулары, компьютерді тазалау жөнінде қадамдар және компьютерді сапарға алып шығуға (немесе оны тасымалдауға) арналған кеңестер қамтамасыз етіледі.
HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру және дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз. ● Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде жылжытасыз. Мына оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
● Құрғақ микроталшықты тазалау шүберегі немесе күдері (майланбаған жұмсақ антистатикалық шүберек) ● Антистатикалық шүберек майлықтар ЕСКЕРТУ: Компьютерді бір жолға зақымдауы мүмкін қатты тазартқыш еріткіштерді немесе бактерицидтік майлықтарды пайдаланбаңыз. Тазалағыш заттың компьютер үшін қауіпсіз болғанына сенімді болмасаңыз, спирт, ацетон, аммоний хлориді, метиленхлорид, сутек пероксиді, лигроин және көмірсутек еріткіштері сияқты ингредиенттердің өнім құрамында жоқ екенін тексеріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе оны тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың келесі кеңестерін орындаңыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: – Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. – Барлық дискілерді және жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды шығарыңыз. – Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. – Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз.
9 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру Бұл тарауда бар келесі процестер туралы ақпарат беріледі. Бұл өнімдердің көпшілігі үшін қолданылатын стандартты процедура: ● Жеке ақпараттың сақтық көшірмесін жасау: жеке мәліметтердің сақтық көшірмесін жасау үшін Windows құралдарын пайдалануға болады (Windows құралдарын пайдалану (63-бет) бөлімін қараңыз).
ЕСКЕРТПЕ: Техническая поддержка (Анықтама алу) бағдарламасын ашу үшін Интернетке қосылуыңыз қажет. HP Cloud Recovery Download Tool құралын қалпына келтіру нұсқасын жасау үшін (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP қалпына келтіру медиа құралын жүктелетін USB флэш-жадында жасау үшін HP Cloud Recovery Download Tool құралын пайдалануға болады. Құралды жүктеп алу үшін ▲ Microsoft Store бетін ашып, HP Cloud Recovery (HP Бұлттық қалпына келтіру) бағдарламасын іздеңіз. Толық мәліметтер алу үшін http://www.hp.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Осы қадамдарды бастамас бұрын, ажыратылатын пернетақтасы бар планшетті пернетақта қондырмасына жалғаңыз. 1. HP қалпына келтіру медиа құралын енгізіңіз. 2. Жүйенің Запуск (Іске қосу) мәзірін ашыңыз. Пернетақталар тіркелген компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде: ▲ Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютер немесе планшетті қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз да, esc пернесін тез басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
10 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure Start Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын пайдалану Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру ЕСКЕРТПЕ: Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді. Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мәндеріне қайтару үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау (66-бет) бөлімін қараңыз. 2.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сәтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз және орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
Жүктеу ретін f9 жылдам пернесінің көмегімен өзгерту Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына әрекеттерді орындаңыз: 1. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін: ● 2. Boot Device Options (Жүктеу құрылғысының опциялары) мәзірін ашу үшін, компьютерді қосыңыз немесе компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және НР логотипі экранға шыққанда f9 пернесін басыңыз.
11 HP PC Hardware Diagnostics пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows (тек таңдаулы өнімдерде) пайдалану HP PC Hardware Diagnostics Windows – компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік беретін Windows операциялық жүйесіне негізделген бағдарламалық құрал. Құрал Windows операциялық жүйесінде аппараттық құралдың ақаулықтарын тексеру үшін қолданылады.
HP PC Hardware Diagnostics Windows жүктеп алу ● HP PC Hardware Diagnostics Windows құралын жүктеу жөнінде нұсқаулар ағылшын тілінде ғана беріледі. ● Файлдар .exe пішімінде берілгендіктен, бұл құралды жүктеп алу үшін Windows компьютерін пайдалану қажет. HP PC Hardware Diagnostics Windows құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics Windows бағдарламасын жүктеп алу үшін келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз.
амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді. Компьютерде Windows операциялық жүйесі жүктелмесе, аппараттық құралдардың мәселелерін диагностикалау үшін HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын пайдалануға болады. HP PC Hardware Diagnostics UEFI арқылы аппараттық құралды ауыстыруды талап ететін ақаулық анықталған кезде, ақаулықтың 24 таңбалы идентификациялық коды жасалады.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын жүктеп алу HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралының ең соңғы нұсқасын USB флэш-жады дискісіне жүктеу үшін: 1. http://www.hp.com/go/techcenter/pcdiags веб-сайтына өтіңіз. HP PC Diagnostics қызметінің басты беті көрсетіледі. 2. Download HP Diagnostics UEFI (HP Diagnostics UEFI жүктеу) опциясын және содан кейін Запустить (Орындау) пәрменін таңдаңыз.
Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу ЕСКЕРТПЕ: Кейбір өнімдер үшін бағдарламалық құралды өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеу қажет. Remote HP PC Hardware Diagnostics UEFI құралын өнімнің атауы немесе нөмірі бойынша жүктеп алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. http://www.hp.com/support веб-сайтына өтіңіз. 2.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Кесте 12-1 ТТ қуат сипаттамалары Тұтынылатын қуат Мөлшер 16,92 A – 330 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В ЕСКЕРТПЕ: Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
13 Электрстатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
14 Арнайы мүмкіндіктер HP және арнайы мүмкіндіктер HP алуан түрлілікті, қатыстыруды және жұмысты/өмірді компанияның құрылымына енгізу бойынша жұмыс істеуде, сондықтан бұл компанияның әрбір әрекетінде көрінеді. НР компаниясы адамдарды дүние жүзіндегі технология қуатына қосуға негізделген инклюзивті ортаны жасауға тырысады. Арнайы мүмкіндіктерге арналған қажетті құралдарды табу Технологиялар адам әлеуетін жүзеге асыра алады.
Халықаралық арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандар бірлестігі (IAAP) IAAP — желі, білім беру және куәландыру арқылы арнайы мүмкіндіктер жөніндегі мамандықты жетілдіруге негізделген коммерциялық емес бірлестік. Мақсаты – арнайы мүмкіндіктер жөніндегі білікті мамандарға мансаптарын жетілдіруге және дамытуға, сондай-ақ ұйымдарға арнайы мүмкіндіктерді өнімдері мен инфрақұрылымына жақсырақ ендіруге көмектесу.
● HP SlateBook компьютерлері – Арнайы мүмкіндіктерді қосу (Android 4.3,4.2/Jelly Bean) ● HP Chromebook компьютерлері – HP Chromebook немесе Chromebox (Chrome OS) құрылғысында арнайы мүмкіндіктерді қосу ● HP Shopping – HP өнімдеріне арналған перифериялық құрылғылар HP өніміңіздегі арнайы мүмкіндіктер туралы қосымша қолдау қажет болса, ақпаратты Қолдау қызметіне хабарласу (82-бет) бөлімінен қараңыз.
WCAG көру, есту, физикалық, ұғыну және неврологиялық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, сондайақ қол жеткізу қажеттіліктері бар ересек интернетті пайдаланушылардың интернеттегі мазмұнға қол жеткізу тосқауылдарына айтарлықтай шешеді. WCAG 2.
Білім беру институттары ● Калифорния мемлекеттік университеті, Нортридж, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың орталығы (CSUN) ● Висконсин - Мэдисон университеті, салдарды іздеу орталығы ● Компьютерге бейімделу бағдарламасы бойынша Миннесота университеті Шектеулі мүмкіндіктер туралы басқа да ресурстар ● ADA (АҚШ-тағы мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау туралы заң) техникалық көмекші бағдарлама ● Халықаралық еңбек ұйымының Кәсіпкерлік пен мүгедектік мәселелері бойынша жаһандық желісі
Индекс Таңбалар/Сандар 508-бөлімнің арнайы мүмкіндіктер стандарттары 80 А Автоматты DriveLock 50 ажырату 51 қосу 50 Автоматты DriveLock құпия сөзі енгізу 52 ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 35, 38 алдыңғы күйге қайтару 63 АМ (арнайы мүмкіндіктер): мақсаты 78 табу 79 арнайы мүмкіндіктер 78 арнайы мүмкіндіктер (АМ) мақсаты 78 табу 79 арнайы мүмкіндіктер бағалауды қажет етеді 79 Арнайы мүмкіндіктер туралы HP саясаты 78 арнайы пернелер, пайдалану 13 астыңғы жағы 19 аудио 33 HDMI 36 гарнитуралар 34 дыбыс
Е екі саусақпен қысып масштабтау – сенсорлы тақта және сенсорлы экран қимылы 29 енгізілген сандық пернетақта, анықтау 13 Ж жабдық, табу 4 жапсырмалар Bluetooth 19 WLAN 19 қызмет 18 нормативтік 19 сериялық нөмір 18 сымсыз куәлік 19 жауапсыз жүйе 41 желдеткіш тесіктері, анықтау 17, 18 желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 56 жоғарғы қақпағындағы құрамдас бөліктер 9 жұмыс ортасы 76 жұмысты аяқтау 41 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 63 жүктелу реті, өзгерту 64 жүктеу реті f9 жылдам пернесінің көмегімен
fn 13 num lock 13 Windows 13 әрекет 14 сенсорлы тақта 15 пернелер тіркесімдері бағдарламалау сұрауы 16 жылжу құлпы 16 кірістіру 16 микрофон үнзісдендірілген 15 пайдалану 16 тоқтата тұру 16 тоқтатып тұру 16 пернетақта енгізілген сандық 13 пернетақта және қосымша тінтуір пайдалану 31 пернетақтаны және қосымша тінтуірді пайдалану 31 пернетақтаның артқы жарығы әрекет пернесі 14 порттар HDMI 6, 35 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және зарядтау) мүмкіндігі бар USB SuperSpeed порты 6 HP Sleep and Charge (HP ұйқы және
І ішкі микрофондар, анықтау 8, 9 Э экран жарықтығы әрекет пернелері 14 экран кескінін ауыстырудың әрекет пернесі 15 электрстатикалық разряд 77 B BIOS жаңарту 67 жаңартуды жүктеп алу 68 нұсқаны анықтау 67 Bluetooth жапсырмасы 19 Bluetooth құрылғысы 21, 24 C caps lock шамы, анықтау 11 computer setup 66 Computer Setup BIOS әкімші құпия сөзі 48 жылжу және таңдау 66 зауыттық параметрлерді қалпына келтіру 67 қосу 66 D DriveLock ажырату 54 қосу 53 сипаттама 52 DriveLock басты құпия сөзі* өзгерту 55 Drivelock құпия