Equipment reference manual
2 Құрылғы жаңартулары
Қажетті құралдар
Torx немесе жалпақ ұшты бұрауышты осы нұсқаулықта сипатталған рәсімдер үшін пайдалануға
болады.
Ескертулер мен сақтандырулар
Жетілдірулерді орындамас бұрын осы нұсқаулықтағы барлық қолданылатын нұсқауларды,
ескертпелерді және ескертулерді мұқият оқып шығыңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогы соғуынан, ыстық беткейден немесе өрттен жеке басқа зақым келу
қаупін азайту үшін:
Қабырға розеткасынан қуат сымын ажыратыңыз және ұстамас бұрын ішкі жүйе бөлшектерін
салқындатыңыз.
Желі интерфейсін басқарушыны қабылдағыштарға (NIC) телекоммуникацияларды немесе телефон
қосқыштарын жалғамаңыз.
Қуат сымының тоқ айырын істен шығармаңыз. Тоқ айыры - маңызды қауіпсіздік бөлшегі.
Әрқашан қол жетімді орналасқан тоқ айырын жерлік тоқ көзіне қосыңыз.
Ауыр жарақат алу қаупін болдырмау үшін Қауіпсіздік және жұмыс ыңғайлылығы нұсқаулығын
оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау және компьютер
пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау мен дұрыс жұмыс істеу ережелері сипатталған, сонымен
қатар, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген. Бұл нұсқаулық
http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ішіндегі бөліктері қуатқа қосылған және қозғалады.
Корпусты ашу алдында жабдық қуатын ажыратыңыз.
Құрылғыға қайта қуат бермес бұрын корпусын орнына салыңыз және бекітіңіз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр қуаты компьютердің немесе қосымша жабдықтың электр
бөлшектеріне зақым келтіруі мүмкін. Осы іс-рәсімдерін бастамас бұрын жерлік метал нысанды аз
уақытқа ұстау арқылы статикалық электр қуаты зарядының таусылғанын тексеріңіз. Қосымша
ақпарат алу үшін Электр статикалық разряд (44-бет) бөлімін қараңыз.
Компьютер АТ қуат көзіне қосылған кезде, кернеу жүйелік тақтаға үнемі беріледі. Ішкі бөлшектерінің
зақымдалуын болдырмау үшін компьютерді ашу алдында қуат сымын қуат көзінен ажырату және
шамамен 30 секунд күту керек.
Қажетті құралдар 5