Equipment reference manual
Кабельдерді жүргізу (эргономикалық тұғыр)
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің зақымдалмауы үшін
қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту керек.
3. Кабельдерді тиісті артқы жалғағыштарға қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Артқы жалғағыштарға оңай қол жеткізу үшін дисплейдің басын еңкейтіңіз.
4. Кабельдерді артқы панельдегі қосқыштардан кабель ұстағышы арқылы тұғырдың мойнына (1),
одан кейін негіздің ортасындағы тесік арқылы және негіздің астыңғы жағынан тыс жүргізіңіз (2).
5. Қуат сымын қайта жалғап, қуат түймесін басыңыз.
Кабельдерді жүргізу (шағын тұғыр)
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің зақымдалмауы үшін
қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту керек.
3. Кабельдерді тиісті артқы жалғағыштарға қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Артқы жалғағыштарға оңай қол жеткізу үшін дисплейдің басын еңкейтіңіз.
4. Тұғыр мойнында кабель жүргізу қақпағын бекітіңіз (1).
5. Кабельдерді артқы панельдегі қосқыштардан тұғыр мойнының астына, одан кейін негіздің
ортасындағы тесік арқылы және негіздің астыңғы жағынан тыс жүргізіңіз (2).
Кабельдерді жүргізу (эргономикалық тұғыр) 9