Equipment reference manual

4. Екі артқы қақпақ ысырмасын сыртқа қарай басыңыз (1). Артқы қақпақты жоғары сырғытып,
дисплейдің жоғарғы жағынан көтеріп шығарыңыз (2).
5. Порт қақпағын бекітетін екі бұранданы алып тастап (1), порт қақпағын дисплейдің жоғарғы
жағынан тартып шығарыңыз (2).
ЕСКЕРТПЕ: Жалпақ ұшты бұрауышпен бұранда тесіктерінің ішінен порт қақпағын ақырын
босату қажет болуы мүмкін.
Қосымша HP кірістірілген USB штрихкод сканерін, магнитті жолақты оқу құрылғысын (MSR),
биометриялық оқу құрылғысын немесе веб-камераны орнату
15