Equipment reference manual
2 x 20 СКД немесе 7” СКД тұтынушыға қарайтын дисплейін
(CFD) орнату
Дисплейдің жоғарғы жағының үстіне қысқа кеңейту иінді CFD немесе тұғыр негізінің астына ұзын
кеңейту иінді CFD дисплейін тіркеуге болады. CFD дисплейін орнату рәсімі 2 x 20 немесе 7” СКД болсын
бірдей болады.
Жоғары орнатылатын CFD дисплейін орнату
1. Компьютер жұмысын амалдық жүйе арқылы тиісті түрде аяқтап, сыртқы құрылғыларды өшіріңіз.
2. Қуат сымын қабырғадан ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат қосу/өшіру күйіне қарамастан, жүйе қосылып тұрған AТ көзіне жалғанып тұрса,
жүйе тақтасында әрқашан тоқ болады. Компьютердің ішкі бөлшектерінің зақымдалмауы үшін
қуат сымын ажырату және қуаттың жоғалуы үшін шамамен 30 секунд күту керек.
3. Артқы К/Ш қосқыштарынан барлық кабельдерді ажыратыңыз.
4. Екі артқы қақпақ ысырмасын сыртқа қарай басыңыз (1). Артқы қақпақты жоғары сырғытып,
дисплейдің жоғарғы жағынан көтеріп шығарыңыз (2).
18 2-тарау Құрылғы жаңартулары